Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстандық банктер Теңізшевройл қызметкерлеріне қызмет көрсете бастайды

13.09.2006 / Баспасөз орталығы

2006 жылғы 23 тамыз күні қазақстандық ТұранӘлем Банкі «Теңізшевройл»ЖШС-мен қызметтестік жөніндегі келісімге қол қойды. Қазақстандағы ірі мұнай компаниясының 3,5 мыңға жуық қызметкерлері алғаш рет қазақстандық банктердің қызметін пайдалана бастайды. БК басшылығы тәуекелдіктерді әртараптандыру туралы шешім қабылдады. Осылайша ТШО мен алғашқы жұмыс істеуге Қазақстандағы «ірі үштік» банктерге жол ашылды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмештегі: «Біз «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлерін жалақы және басқа жобаларға тартуды 2003 жылы қолға алғанбыз. Тек 2006 жылғы тамыз айының соңында ТӘБ өкілдеріне жалақы жобасы бойынша тендердің екінші қатысушысы ККБ мен бірге тендерді жеңіп алғандары туралы хабарланғанда нәтижеге бірінші рет қол жеткіздік. Ешқашан және ешбір жағдайда қызметкерлерге әкімшілік қысым көрсетілмейді және әрбір қызметкер өзіне ұнаған банкті таңдап алады. Компания батыстың менеджмент жүйесімен жергілікті банктермен банктік бөлшек сауда бойынша қызметтестік жасай бастады. Бұл біздің қаржылық жүйе үшін өте маңызды дерек»,- деп мәлімдеді.

Қызметкерлерге банктік бөлшек сауда ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсіндіру үшін ТӘБ қызметкерлері ТШС қызметкерлері үшін Атыраудағы бас офисте, Теңіздің туған жерінде тұсаукесер рәсімдерін өткізе бастады.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 1 қыркүйекте 10,7 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал банктің меншікті капиталы 1,7 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.