Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі активтерді біріктіреді

13.09.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем Банктің жаңа стратегиясы жуырда өткен директорлар кеңесінің жиынында бекітілді. 2006-2015 жылдарға арналған банктің стратегиялық мақсаттары қатарына Қазақстанда және ТМД- ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпоративтік қызмет көрсету сегменттері бойынша көшбасшылық қатарға бекем орнығып, Қазақстанда кем дегенде 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа елдерде 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді.

Банктің жиынтық активтерін 2010 жылға дейін 25 млрд., ал 2015 жылы 50 млрд. АҚШ долларына дейін біріктіру жоспарланды.

ТӘБ жаңа стратегиясы аясында 2006 жылдың соңына дейін акционерлерден Темірбанк АҚ-ның 51пайыз дауыс беретін акцияларын өтеп алу жоспары бар.

ТұранӘлем Банкі жаңа стратегияны жүзеге асырар алдында ТМД-дағы ірі әмбебап коммерциялық банк болуы тиіс. Банк ТМД елдеріндегі, сонымен қатар Түркия мен Қытай сияқты ірі саудалық серіктес елдерде өзінің аясын кеңейту үшін Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан сыртқы сауда ағынын тиімді пайдалануды көздейді.

«Банк торапты құра отырып, саудалық қаржыландыру мен корпоративтік банкинг құралдары арқылы жаңа рынокқа кірудің жеке әдістер жиынтығын тәжірибеден өткізеді», - деп есептейді басқарма төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский.«Саудаға аймақтық банктердің шағын пакеттерін инвестициялауда және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын енгізе отырып, біз кейін бөлшек сауда , шағын және орта бизнеске қызмет көрсетуді дамыта бастаймыз. Банк бөлшек сауда мен корпоративтік клиенттерге қаржылық қызметтің толық жиынтығын ұсына келіп, қаржы компанияларының ядро топтарын құрады. Банктің негізгі бәсекелестік артықшылықтарының бірі – инновация мәдениеті, жоғары технологиялық қызметті ұсынып, жаңа рынокқа қатысуын көбейту және жоғары технологиялық қызметтерді ұсынуға әзірлігін білдіру мен өнімдер қатарын үнемі кеңейту», - деп толықтырды Г.Холодзинский.

ТӘБ қарқынды дамуының негізгі көзі - шетелдік қаржы институттарымен тиімді бәсекелестік құруға, сондай-ақ халықаралық тәжірибені тарту мен стратегиялық серіктестер жүйесін құруға мүмкіндік беретін ТМД елдерінің ірі рыногының орасан зор әлеуетін пайдалану, оның заңдылықтары мен клиенттердің сұранысын білу болып табылады.

ТӘБ жаңа стратегияда өзі қатысатын елдердегі қызметкерлері мен олардың отбасылары, клиенттері мен акционерлері алдында әлеуметтік жауапты ұйым екенін мәлімдеді. ТұранӘлем Банкі дамуының басымдық бағыттары жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету. Банктік портфелде жеке бизнеске бөліну есебінен, бөлшек сауда бизнесінің үлесін 50 пайызға дейін өсіру, қызмет көрсету сапасы мен технологиялық модернизацияға инвестицияны арттыру.

ТӘБ барлық бәсекелестік артықшылықтары Қазақстанда активтер өсімін 2015ж. 34 млрд., капиталды – 3.8 млрд., таза пайданы – 758 млрд. АҚШ долларына дейін, бөлімшелердің санын - 286-ға дейін , қызметкерлер санын – 6963 адамға дейін арттыруды жоспарлайды.

ТӘБ директорлар кеңесі 2007 жылға арналған бизнес-жоспарды The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Ltd., Commerzbank Atkiengesellschaft и Standard Chartered Bank ұйымдастырған банк синдикатынан 1 500 млн. АҚШ долларына дейін қайта жазумен, ең ірі синдикатталған қарыз 800 млн. АҚШ долларын тартуды қолдады.

ТұранӘлем Банкі”АҚ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы.2006 жылғы 1 қыркүйектегі ТӘБ активтері 10,7 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.7 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі”АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.ТӘБ 2008 жылы ТМД-дағы ең ірі банктердің бірі болуды жоспарлап отыр.

«Темiрбанк» АҚ көшбасшы бөлшек сауда банкі болып табылады және активтері мен меншікті капиталының көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банктер ондығына кіреді.2006 жылғы 01 шілдедегі жай-күйі бойынша банктің активтері -108,3 млрд, ал меншікті капиталы - 11,6 млрд. теңгені құрады.

Стратегияны Deloitte компаниясының кеңесшілері өңдеді.