Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі мен Миттал Стил СМЕ Ресорс ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

14.09.2006 / Баспасөз орталығы

«Миттал Стил СМЕ Ресорс» ЖШС ( «Миттал Стил Теміртау»АҚ еншілес кәсіпорны) мен «ТұранӘлем Банкі » АҚ , Қарағанды облысы шағын және орта бизнесінің капиталды қорландыруын жеделдетіп және оның аймақтық экономиканы дамытуға ықпалын арттыруда бірлесе жұмыс істеуге шешім қабылдап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптардың ынтымақтастығына шағын және орта бизнес, «Миттал Стил Теміртау»АҚ өнімдері үшін бірге қызмет ететін кәсіпорындар және оның аймақтағы, аймақтан тысқары жерлердегі тасымалдаушылары, «ТұранӘлем Банкі» АҚ және «Миттал Стил СМЕ Ресорс»ЖШС-мен кәсіпкерлердің ынтымақтастығына арналған ортаны құру, потенциалды клиенттер туралы ақпарат алмасу, несие өнімдерінің нарық мониторингі, клиенттердің сұраныстарына қарай арнаулы өнімдер мен қызмет көрсету субъектілерін қаржыландыру бағдарламаларын әзірлеп, оны жүзеге асыру кіреді.

Тараптардың ынтымақтастығына шағын және орта бизнес субъектілерін, «Миттал Стил Теміртау»АҚ өнімдері үшін бірге қызмет ететін кәсіпорындар және оның аймақтағы, аймақтан тысқары жерлердегі тасымалдаушыларын қаржыландыру бағдарламаларын бірлесе әзірлеу және жүзеге асыру, «ТұранӘлем Банкі» АҚ және «Миттал Стил СМЕ Ресорс»ЖШС-мен кәсіпкерлердің ынтымақтастығына клиенттерді бағыттайтын ортаны құру, ықтимал клиенттер туралы ақпарат жинау және алмасу, несие өнімдерінің нарық мониторингі, клиенттердің қажеттіліктеріне арнаулы өнімдер мен қызметтерді бейімдеу кіреді.

Меморандум аясында әзірленген бірінші жоба кәсіпкерлерге несие беру процесінде көмек көрсетуді жоспарлап отыр. " Миттал Стил СМЕ Ресорс" жобада несие беруші, ал ТұранӘлем Банкі кепілгер болады. «СМЕ мен ТӘБ ынтымақтастығы туралы меморандум ТұранӘлем Банкінің нақты экономикалық секторының несиелік портфельдегі үлесін арттыру ұйғарымын растай отырып, шағын және орта бизнес саласының кәсіпкерлеріне анағұрлым тиімді жағдайда несие алып, жұмыстарын өркендетуге мүмкіндік береді», - деді құжатқа қол қойған ТӘБ басқарма төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 1 қыркүйекте 10,5 млрд. АҚШ долларын құрады, ал банктің меншікті капиталы 1,7 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.

«Миттал Стил СМЕ Ресорс»ЖШС 2002 жылы ҚР шағын бизнес субъектілерін жеңілдіктермен қаржыландыру мақсатында ҚР Президентінің нұсқауымен құрылған болатын. СМЕ қарызгерлерінің басым көпшілігі Қарағанды мен Теміртау шағын және орта бизнес субъектілері, «Миттал Стил Теміртау» АҚ үшін тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін және импорттың орнын басатын тауарлар өндіретін кәсіпорындар.