Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТӘБ Славинвестбанкіндегі өз үлесін 51 пайызға жеткізбек

18.09.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем Банкі «Славинвестбанк» ААҚ жарғылық капиталындағы өз үлесін 2007 жылдың соңына дейін 51 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

«Славинвестбанк» ААҚ жарғылық капиталындағы «ТұранӘлем Банкі» АҚ үлесі бүгінде 15,63 пайызды құрайды. Капиталдағы үлесті өтеп алу «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның орта мерзімді және ұзақ мерзімді болашаққа есептелген жаңа даму стратегиясы аясында жоспарланып отыр.

«Банктерді сатып алудан кейін ТұранӘлем басқармаларды біріктіреді. Банктерге ТӘБ қолданып жүрген тәуекелдіктерді басқару мен шешім қабылдау, корпорациялық және бөлшек сауда клиенттеріне қызмет көрсету сапасының стандарттары жүйелері енгізіліп, филиалдар мен қосымша офистердің саны көбейетін болады. Бұл ТӘБ-нің клиенттерге қызмет көрсететін негізгі арналары болмақ. Олардағы өнімдер қатарын арттыру жоспарланып отыр. Әсіресе ірі корпорациялар, шағын және орта бизнес кәсіпкерлері және жеке тұлғалар сияқты негізгі клиенттік сегменттерге күш салынбақ», - деді қазақстандық Темірбанк акциялары мен ресейлік Славинвестбанк капиталындағы үлесін өтеп алу жоспарларын мәлім еткен басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмештегі. «ТӘБ осы банктер арқылы аймақтық ерекшеліктер мен рыноктық жағдайлар есебінен өз өнімдерін алға жылжытып, ТМД-ға қатысу аясын кеңейтетін болады», - деді С.Мәмештегі.

«Славинвестбанк» ААҚ Басқармасының төрағасы Артур Трофимов мәміле банкке дамудың жаңа стратегияларын береді деп есептейді. «ТұранӘлем банкінің Славинвестбанк стратегиялық инвестор статусына өтудегі артықшылықтары жарғылық капиталды өсіруі, ресурстар бағасын төмендетуі, банктің рыноктық позициясын нығайтуы», - деді А.Трофимов.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын ядро қаржы тобын құрайды.ТӘБ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 1 қыркүйекте 10,7 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1,7 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр.

ТұранӘлем банкінің жаңа стратегиясы жуырда өткен директорлар кеңесінің мәжілісінде бекітілді. 2006-2015 жылдарға арналған банкің стратегиялық мақсаттарына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық позицияға шығу және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа да қатысатын елдерде – 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді. Банктің жиынтық капиталын біріктіріп және оны 2010 жылға дейін 25 млрд., 2015 жылға дейін 50 млрд., АҚШ долларына жеткізу белгіленді.

Жаңа стратегияны жүзеге асырар алдында ТұранӘлем банкі ТМД-дағы ірі әмбебап коммерциялық банк болуы тиіс. ТӘБ-тің Қазақстан мықты экономикалық байланыс орнатқан елдерге қатысуы оның стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

"СЛАВИНВЕСТБАНК"ААҚ корпоративтік бизнес, жеке кәсіпкерлікті дамытуға көмек беретін және өз қызметін азаматтарға ұсынатын әмбебап банк. Табысты жұмысы бойынша көпжылдық тәжірибесі бар және Ресейдің қаржы рыногында көшбасшылық позицияға талпынған банк халықаралық стандарттарға сәйкес білікті банктік қызмет көрсетуге кепілдік береді.

The Bankers' Almanac дүниежүзілік банктік каталогтың интернет-сайтында 06.02.2006 "СЛАВИНВЕСТБАНКІ" ААҚ елде 79, дүниежүзінде 2494-орынды иемденетіні жазылған.

Бухгалтерлік есептің 01.09.2006 ж. ресейлік сандарттары бойынша Славинвестбанктің жеке капиталы 2,024,259 мың. руб., активтері 22,247,951 мың. руб., құрайды.

2005 жылдың маусымында Moody's Investors Service рейтингілік агенттігі Банкті шетелдік валютадағы депозиттерін ұзақмерзімді рейтингісін «В 1» деңгейінде, қысқа мерзімді рейтингісін Not-Prime, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық рейтингісін «Е+» деңгейінде таныды. Рейтинг бойынша болжам тұрақты.2005 жылдың желтоқсанында Moody's Interfax Rating Agency банкке ұлттық шкала бойынша A2.ru рейтингін берді. Сондай-ақ Moody's Investors Service агенттігі банкке халықаралық шкала бойынша бұрыннан бар рейтингісін бекітті.