Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Эмитент үшін дамушы рыноктар мен Қазақстаннан ірі еуробондтар орналастырылды

25.09.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем банкі өткен аптада 5 жыл мерзімге, 6,25 пайыз жылдық купон мөлшерлемесімен дамушы елдер мен Қазақстаннан 500 миллион еурооблигацияны орналастырып, эмитент үшін ірі мәміле жасады. Бондттар рейтингі Baa1/BB. Барлық шығарылым географиялық ауқымы кең мына халықаралық рыноктарда әртараптандырылды:
Ұлыбритания -35%, Германия/Австрия -20%, Швейцария -11%, Азия -6%, АҚШ -3% және Еуропа -25%.

Шығарылымның лид - менеджерлері мен букраннерлерлері ABN AMRO мен Dresdner Kleinwort болды. Еурооблигацияны орналастыру Франкфурт, Мюнхен, Цюрих, Женева, Лондон, Сингапур және Гонконг қалаларына бес күндік роуд-шоу алдында өтті.

«Инвесторлардың мәмілеге қызығушылығы біздің ойлағандағымыздан асып түсті.
Өтінім кітабы ашылғаннан кейін 24 сағат ішінде 1,2 млрд. долларға дейін өсті. 95 пайыз қор мен банкті құраған инвесторлар өз өтінімдері бойынша толық қанағаттанбай, екінші деңгейдегі рыноктан қосымша бонд сатып алуға асықты. Мәмілеге банк жаңа және еуроға орналастыру үшін ең төменгі бағаны төледі»,- деді сыртқы қарыздар басқармасының бастығы Садыр Шагужаев.

Орналастыру жыл басында жарияланған банктің тарту жоспарына сәйкес өтті. Жылдың аяғына дейін банк үлкен сомадағы ірі ашық облигацияларды орналастыруды жоспарлап отырған жоқ.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 1 қыркүйекте 10 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.7 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр.