Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Банкирлер ТМД елдерінің экономикасын дамытудағы халықаралық капитал нарығының рөлін талқылауда

27.09.2006 / Баспасөз орталығы

Бүгін Алматы банкаралық VII конференциясы ашылды. Оның тақырыбы: «Халықаралық капитал нарығы және оның ТМД елдерінің экономикасы мен қаржы жүйесін дамытудағы рөлі».

30-ға жуық елден келген 430-дан астам конференция қатысушылары халықаралық рейтинг агенттіктерінің бағасымен салыстыра отырып, ТМД елдерінің банк жүйесінің тәуекелдігіне баға бермекші. Сондай-ақ сыртқы қарыздардың табысты үлгісі мен достастық банктерінің тұрақтылығын нығайту мәселелері,бәсекелестік артықшылықтары, мүмкіндіктері, Алматы аймақтық қаржы орталығын құру тәуекелдіктері, ипотекалық несиелендіруді дамыту мәселелері және Қазақстан мен ТМД-ға исламдық банкингтің енуі талқылануда.

« Банктер Қазақстан экономикасының интеллектуалды орталығына айналды. Банктер клиенттерден алда жүруі тиіс...», - деп атап өтті конференцияны ашқан ТұранӘлем банкінің директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбләзов. Төрағаның айтуынша, ТМД банктері өздерінің басымдықтарын өзгертуде және корпоративтік бизнеске салынатын күш бөлшек сауда мен шағын және орта бизнеспен бірдей емес.
Биылғы конференцияның атап өтерлік бір ерекшелігі Қазақстанның экономикалық жағдайы мен банктік жүйесінің қарқынды дамуы жағдайында өткізіліп отырғанында , деп есептейді М.Әбләзов. Конференцияның қарастыратын міндеттері анағұрлым ғаламдық деңгейге көтеріліп келеді. Конференция уақытпен үндес және бизнес қоғамдастық пен реттейтін органдар тарапынан диалогқа қызығушылық пен сұраныстың артқанын дәлелдейді.

Ресей Президентінің экс-кеңесшісі Андрей Илларионов, Қазақстанға тән жеке меншік секторлардың қарыз алуының артуы Ресейге қарағанда экономиканың өсу қарқындылығымен байланысты екенін атап өтті. Мемлекет банк қызметін аз реттеп отыруы керек. Мемлекеттік барьерлер азайған сайын экономикалық өсім соншалықты жоғарылайды деп есептейді А. Илларионов. Тәуекелдік – бұл банк қызметінің ажырамайтын бөлігі. Реттейтін органдар тарапынан жасалынатын шектеулер тәуекелдіктерді төмендетуге әкеп соқпайды.

ТұранӘлем банкінің басқарма төрағасының орынбасары Роман Солодченконың пікірінше, Қазақстан банктер жүйесінің мүмкіндіктері 2001 жылғы тасқынды дамуға қарағанда айтарлықтай қысқарды. Банктік қызмет қамтымаған екі сектор ғана қалды олар – бөлшек сауда рыногы мен шағын және орта бизнеске қызмет көрсету. Қазақстан халқының санының көптігін ескерсек, банктерге бұл рыноктарға кіріп, ондағы көп үлесті иемдену оңайға түспейді. Бөлшек сауда секторы мен ШОБ-ке белсенді түрде кіру таяу 2-3 жылда жүзеге асады, содан соң ол негізгі өсу жолдарына өтеді деп есептейді Р. Солодченко. банктер осы кезеңде иемденген үлестерімен алдағы жылда жұмыс істейтін болады. 7 –банкаралық конференцияға қатысушылар жиынның өте жоғары деңгейде өткізіліп отырғанын, осындай өзге конференциялардан белсенді тәжірибе алмасу, болжамдар мен тенденцияларды өндіру, кездесудің ерекше достық атмосферасымен ерекшеленетінін атап өтті.

Конференцияның ұйымдастырушысы " ТұранӘлем Банкі"АҚ.
Конференция 2006 жылғы 27 – 28 қыркүйек күндері Алматы қаласындағы The Regent Ankara қонақүйінде өтеді.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 1 қыркүйекте 10 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.7 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр.