Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі АҚ АҚШ-та жасалған жоғары сапалы тауарларды импорттайтын қазақстандық компанияларды қаржыландыру мүмкіндіктерін арттырады

28.09.2006 / Баспасөз орталығы

Бұдан былай АҚШ-тың түрлі өндірушілерімен импорттық саудалық келісім жасауға қызығушылық танытушы қазақстандық ТұранӘлем банк клиенттері жоғары бәсекелестік жағдайда орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды пайдалануға мүмкіндік алды. Мұндай мүмкіндікке клиенттер қазақстандық ТұранӘлем банкі мен Toronto Dominion Bank (Texas) және АҚШ-тың US Ex-Im Bank экспорттық несие агенттігімен кепілдендірілген несие келісіміне (CGF) қол қойылғаннан кейін ие болғалы отыр.

Келісім сомасы 11 миллионға жуық АҚШ долларын құрайды. Келісім шеңберіндегі бөлек транзакция сомасы 10 миллион АҚШ долларынан әрі аса алмайды.

Аталмыш келісімнің шарттары ТӘБ клиенттеріне жартыжылдық төлемдерін теңдей өтеген жағдайда 7 жыл мерзімге саудалық келісімшарттың 85 пайызына дейінгі сомаға қаржы алуларына мүмкіндік береді(қаржыландырудың ең үлкен мерзімі мәміленің ерекшеліктерінен тыс анықталады)

«Біздің клиенттеріміздің ТӘБ пайдасына арнайы бөлінген және әлдеқашан АҚШ Экспорттық-Импорттық банкі мақұлдаған бөлек желілер шеңберінде АҚШ-та жасалған құралдар-жабдықтар/техникалар импорты бойынша мәмілені құрылымдауға қысқа мерзім ішінде орташа жедел қаржысын алуларына жаңа мүмкіндік туды».

Бұл саны жағынан ТӘБ қол қойған осындай екінші мәміле. Бірінші келісімге ТӘБ-імен Deere Credit компаниясы (АҚШ) және US Ex-Im Bank арасында 2005 жылы қол қойылған болатын. Алғашқы келісім тәжірибесі жақсы нәтижесін берді және қаржыландыру ұйымдарының шартын, мөлшерлемесі мен мерзімін клиенттердің құптайтынын көрсетті. Сондай-ақ импортшыларға ғана емес, экспортшыларға да қатысты бірқатар артықшылықтар бар. Ол сенімді қаржы серіктестері, саудалық қаржыландырудың түрлі құралдарын пайдалану тәжірибесі мен беделін арттыру.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 15 қыркүйекте 10,8 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1,7 млрд. АҚШ долларына жетеді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТӘБ дүние жүзі бойынша ТМД мен Балтық елдерін қосқанда 600-ге жуық шетелдік банктермен-корреспонденттермен белсенді қызметтестік жасайды. 150-ден астам халықаралық банктер ТӘБ пайдасына саудалық қаржыландыруға 3 жыл мерзімге 2 млрд.АҚШ долларынан асатын бланкілік лимиттер орналастырды. 2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр.

Toronto-Dominion Bank және оның афилирделінген компаниялары бірге Toront Dominion Financial Group сияқты белгілі топты құрайды. Ол әлемнің негізгі қаржы орталықтарында қызмет ететін негізгі төрт бизнес сегментіндегі: Канадалық дербес және корпоративтік банкинг; коммерциялық банкинг; қаржы құралдарын басқару; бөлшек сауда банкигі; сондай-ақ АҚШ дербес және корпоративтік банкингіндегі 14 миллионнан астам клиенттерге қызмет етеді.

TD Bank Financial Group –те он-лайн қаржы қызметтерін ұсыну бойынша әлемдегі көшбасшы компаниялар қатарынан орын алады, оның 4,5 миллионнан астам он-лайн клиенттері бар. Топтың активтері капиталға айналған 40 мыңнан астам АҚШ долларымен қоса 386 миллиардтан астам канада долларын құрайды. Toronto-Dominion Bank Торонто қор биржасының және “TD”символындағы Нью-Йорк қор биржасының қатысушысы болып табылады.

Export-Import Bank of United States – Несие алушы/Импортердің елдің саяси/экономикалық тәуекелділіктерінен сақтандыру/қаржы институттарының несиелерін кепілдендіру жолымен АҚШ-тың экспертін ынталандыруға мақсатталған үкіметтік ұйым болып табылады.