Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақ киносы алтын қорының топ-20 халықтық таңдауы жарияланды

04.10.2006 / Баспасөз орталығы

Кәсіпкерлер мен журналистер барша отандастарымыздың қазақ киносының алтын қорындағы ең үздік және сүйікті фильмдерді одан әрі қалпына келтіру үшін SMS және интернет арқылы,сондай-ақ республикалық «Новое поколение» газетінің купондары арқылы дауыс беріп өз таңдауын жасауларына ұсыныс білдіріп отыр.

Бүгін баспасөз мәслихатында дауыс беру басталды. Ұялы байланыстың барлық жүйесінде «золотой» SMS 2121 нөмірі енгізілді және газеттегі купондардың шығарыла бастайды. Сондай-ақ арнайы дауыс беру үшін өңделіп әзірленген www.goldkino.kz вебсайты ұсынылды. Барлығы 50 кино дауысқа түседі, алайда ең көп дауысқа ие болған 20 кино ғана таңдалып алынады.

«Бұл фильмдерде біздің тарихымыз, мәдениетіміз, адамгершілік тағдырымыз бар. Алтын қор біздің мемлекеттігіміздің негізгі бір бөлігі болып табылады. Біз «қазақ киносының алтын қорын» жұртшылық тамашалап, талқылағанын және ол біздің өміріміздің тамаша бір бөлігіне айналуын қалаймыз», - деді ТӘБ басқарма төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский.

«Бұл бизнес пен өнердің сирек үндестігі» деп баға берді «алтын қор» жобасына «Қазақфильм» А бас директоры Сергей Әзімов. Бұл фильмдердің көркемдік, кішіпейілділік және адамгершілік мәні зор. Біз бірнеше ұрпақтың жас көреремендерінен қол үзіп қалдық. Сондықтан да «парасатты киноға» қолдау жасау маңызды деп есептейді ол.

Дауыс беру 4 қазаннан 12 желтоқсанға дейін жалғасады. Ақпарат арнайы өңделген сайтта, ТӘБ-тің және еншілес компанияларының , ұялы байланыс оперторларының офистерінде, «Отау Синема» кинотеатрлар жүйесінде және «Меломан» дүкендерінде жапсырылған плакаттарда , «Қазақстан» телеарнасынан берілетін арнайы бағдарламада, «НП» газетінің «Кино» деп аталатын арнаулы бетінде берілетін болады.

Дауыс берудің шарты мынадай:
SMS - 2121 нөміріне сүйікті киноңыздың кодын жазып жіберіңіз.
Интернет - www.goldkino.kz вебсайтына кіріп сүйікті фильміңізге дауыс беріңіз.
«Новое поколение» газетінде – «қазақ киносының алтын қоры» купонын қиып алып, оны толтырып пошта арқылы жіберіңіз.
Әрбір таңдауға қатысушы 20 фильмге дейін дауыс бере алады.

Дауыс берудің ұйымдастырушылары : «ТұранӘлем Банкі» АҚ, «Қазақфильм» киностудиясы, KCell және Activ сауда белгілерімен GSM Қазақстан , K-Mobile және Beeline сауда белгілерімен Кар-Тел, Dalacom және Pathword сауда белгілерімен Алтел компаниялары, "Қазақстан"телерадиокомпаниясы, республикалық «Новое поколение» апталығы барлық қазақстандықтарға ең лайықты фильмді еске түсіріп және таңдауға мүмкіндік береді.


Халықтық таңдау тарихы 2003 жылы кинематографистер мен ТұранӘлем банкінің бастамасымен және Ержан Тәтішев атындағы қайырымдылық қорының қолдауымен қазақстандық режиссерлердің таңдаулы фильмдерін қалпына келтіруден басталды.
Бүгінде көрермендер 30 фильммен қайта қауышты.
Қазақстан киносы үлкен құрметке лайықты.


Сәулет өнерінен және әдеби ескерткіштерден бөлек ұлттық тарихтың бөлінбес бөлігі бейне мәдениеті болып табылады. Сурет өнері Қазақстанда XX ғасырдың басында дами бастады, көшпенділерде декоративті –қолданбалы өнер анағұрлым жоғары дамыған. Коллективтендіру мен отырықшылыққа көше бастаған кезде қалыптасып, Ұлы Отан соғысы жылдарында дами бастаған қазақстандық кинематографтың феномені осынымен де қызықты. Ғасырдың аяғында дүниежүзі «қазақ киносының жаңа толқыны», халықаралық фестивальдарда тұрақты түрде жүлде алып келген режиссерлар туралы біле бастады. Ал 50-80 жылдары «Қазақфильм» студиясында өте қызықты үдерістер жүріп жатты: киногерлердің ұлттық мектебі құрылды, заманға сай өнім өндірілді, шығармашылық ізденістер жүргізілді, халықаралық байланыстар орнатылды. «Шөптің ішіндегі тәтті шырын», «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Ине» сияқты белгілі фильмдермен бүкіл бір ұрпақ өсті.

«Қазақфильмнің» көркем фильмдерін қалпына келтірудің кезі әлдеқашан жеткен болатын. Қазақстан киногерлерінің мақтанышына айналған фильмдер ұзақ уақыт КСРО Мемлекеттік фильм қорының (қазіргі «Росфильмфонд») Мәскеудегі мұрағатында сақталып келді. Барлық ескі көшірмелері жарамсыз күйге жеткен, телекөрермендерге белгілі, неге екені белгісіз , тек мемлекеттік мереке күндері ғана көрсетілетін отандық фильмдердің техникалық сапасыздығы көңілсіз әсер қалдыратын. Сондықтан да «Қазақфильмнің»басшысы Сергей Әзімов ТӘБ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевке осы жобаны іске асыру жөнінде тілек білдіргенде дереу қолдау тапқан еді.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 1 қыркүйекте 10 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.7 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм"АҚ тарихы 1934 жылдан басталады. 1960 жылы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы "Қазақфильм"киностудиясы болып атын өзгертті. Ал 1984 жылы Шәкен Аймановтың есімі берілді. Негізгі қызметі: жобаларды өңдеу, кино және видеофильмдерді өндіру , қазақ фильмдерінің прокаты ( "Kazakh Cinema Distribution"компаниясымен бірлесіп) Веб-сайты: www.kazahfilm.kz

Республикамыздың барлық аймағына хабар тарататын республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 1958 жылдан жұмыс істейді. 2006 жылы қыркүйекте «Қазақстан» барлық қазақстандықтардың сұранысын ескеріп, хабарларының 90 пайызын жаңа маңызды жобалармен жаңартты.

K’cell и Activ сауда белгілерін ұсынатын GSM Қазақстан, 1998 жылы қыркүйекте құрылған. GSM Қазақстанның акционерлері "Қазақтелеком"АҚ ұлттық байланыс операторы мен FinTur Holding B.V. (Финляндия, Швеция, Түркия)болып табылады. Веб-сайты: www.kcell.kz

"Kazakh Cinema Distribution" компаниясы 2002 құрылған. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм"АҚ-мен арнайы келісім шеңберінде Қазақстан аумағы мен таяу және алыс шетелдерде қазақ көркем, деректі және анимациялық фильмдерді түсіруге, прокатқа беріп, жылжытуға құқылы.

"КаР-Тел"компаниясы Қазақстанда Beeline и K-Mobile сауда белгілерін ұсынады.. Веб-сайты: www.beeline.kz, www.k-mobile.kz

"Новое поколение" республикалық апталығының негізі 1998 жылы қаланған. 2002-2005 жылдың ең таңдаулы қоғамдық-саяси апталығы ретінде "Алтын жұлдыз" жүлдесін иемденді. Веб-сайты: www.np.kz

"АЛТЕЛ"АҚ – Қазақстандағы ұялы байланыстың алғашқы ұлттық операторы. 1994 жылдан бастап АЛТЕЛ өз абоненттеріне Қазақстанның ірі қалаларында телекоммуникациялық қызметтер көрсете бастады. "АЛТЕЛ"АҚ –ның Dalacom және PAThWORD қызметін еліміздің қалаларында 400 000 –нан астам адам пайдаланады. Веб-сайттары: www.dalacom.kz, www.pathword.kz

Серіктестер ақпараттық қолдау көрсеткені үшін “ОтауСинема” компаниясына, «Меломан» дүкендер жүйесіне алғыс білдіреді.