Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі топ-менеджерлерінің Оңтүстік Қазақстан облысының бизнес қоғамдастығымен кездесуі

17.10.2006 / Баспасөз орталығы

Бүгін, 2006 жылғы 17 қазан күні «Шымкент» кинотеатрының ғимаратында облыс пен қала әкімшілігі басшыларының және Оңтүстік Қазақстан облысы бизнес қоғамдастығының ТұранӘлем банкінің топ-менеджерлерімен кездесуі басталды.

Кездесудің мақсаты ТұранӘлем банкімен және атқарушы биліктің жергілікті органдарымен Қазақстанның шағын және орта бизнес, облыстағы өндіріс кәсіпорындары мен экономиканың басқа да салаларындағы компаниялардың ынтымақтастығы мәселелерін талқылау.

«ТұранӘлем банкі және біздің Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалымыз аймаққа шот ашудан бастап сауданы қаржыландыруға дейінгі өзінің барлық технологиясы мен өнімдерін ұсынуға әзір. Атап айтқанда, біз кәсіпкерлерге 10 жылға дейін несие береміз: ЕҚДБ, Азиялық және Исламдық Даму банктерінің желісі бойынша өнімдер ұсынамыз. Біз бастапқы бизнесті қаржыландыруға дайынбыз, негізгі қарызды төлеу кезінде жеңілдіктер мен сыйақылар бар. Кәсіпкерлерге айналымнан белгілі ресурстарды бөлмей-ақ , негізгі құралдарын жаңартуға және сатып алуға мүмкіндік беретін лизингті дамытатын боламыз. Келер жылдың ішінде біз облыста 5 жаңа бөлімшелер,оның ішінде 2 жеке тұлғаларға арналған бөлімшелер ашатын боламыз,»- деді кездесуде сөйлеген сөзінде ТӘБ басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмештегі.

Облыс басшылығына банктің гуманитарлық көмегі – ВИЧ-инфекциясын анықтау үшін иммундық-ферменттік анализ алуға арналған қазіргі заманғы шағын лаборатория таныстырылды. Бұл аппарат қазір Шымкентте. Алдағы уақытта ол облыстық қан құю орталығына орналастырылады және жеткізуші фирма өкілдері медицина мамандарына қажетті дәріс жүргізетін болады»,-деді Сәдуақас Халықсоветұлы Мәмештегі, қала әкімінің орынбасары Әбдімүтәліп Көшкенбайұлы Көбеев, облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Вячеслав Юрьевич Дудник және облыстық қан құю орталығының бас дәрігері Марат Дүйсенханұлы Дәуменовтердің қатысуымен лаборатория сертификатын облыс әкімінің орынбасары Дархан Қамзабекұлы Мыңбайға тапсыру сәтінде.

Банкирлер 19 қазан күні 7 жыл бойы «ТұранӘлем» банкін басқарған және оны Қазақстан мен ТМД-дағы ең ірі қаржы институттарының біріне айналдырған Ержан Тәтішев оқыған мектепте болады. Онда шәкірттермен кездесіп, оларға спорттық құрал-жабдықтар жиынтығын тапсырады. Сондай-ақ, бұл күні делегация Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мавзолейінде болып, тағзым етеді.

20 қазан күні Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында ТӘБ топ-менеджментінің облыс кәсіпкерлері мен облыстың атқарушы билік басшыларымен кездесуі аясында қазақтың алғашқы мюзиклі «Қыз Жібек» қойылымының тұсаукесері болады. Қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Атабаев. ТұранӘлем банкі демеушілік ететін мюзикл тұсаукесерден кейін ТМД бойынша өтетін гастрольдік сапарға жіберіледі.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 11 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр.

2006 жылдың II тоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысының ірі және орта шаруашылық субъектілерінің кірісі 4138,9 млн. теңгені құрады. Табысты кәсіпорындар үлесі есеп берген барлық кәсіпорындардың жалпы санының 64,1 пайызын құрады.

Болат Атабаев Талдықорған облысында дүниеге келген. Шетел тілдері мен өнері бойынша жоғары білім алған. Республикалық неміс драма-театрында, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қоюшы-режиссер болып қызмет атқарды. 1998 жылы Мюнхенде Prinzregententheater-де, 2003 жылы .,Theater an der Ruhr, Мюльхаймда, ,2004 жылы La Scala, Миланда., тәжірибеден өтті ., қараша айынан республикалық неміс драма театрында бас режиссер, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы профессорының міндетін атқарушы. Бішкектегі Халықаралық Орта Азиялық өнер академиясының құрылтайшысы.