Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкінің клиенттері Қырғызстандағы ұлттық жобаларға қатыспақ

08.11.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем банкі клиенттерінің Қырғызстан бизнесіне енуге деген зор қызығушылығы банктің директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбләзов пен директорлар кеңесінің мүшесі Ерлан Тәтішевтің ҚР Президенті Құрманбек Бакиевпен және Қырғызстанның бірінші вице-премьер-министрі Данияр Үсеновпен кездесуіне арқау болды. Көршілес Қырғызстанға сапардың мақсаты банктің Қырғызстан экономикасын қаржыландыру үдерісін талқылау мен осындай ауқымдағы жоспарларды жүзеге асыру үшін саяси қолдау мен саяси кепілдіктер алу.

Қырғызстан Президенті банк акционерлері мен клиенттерінің республиканың экономикалық бағдарламасын қарқынды қаржыландыру ниетін жылы қабылдады. Ол Қырғызстан үкіметі республикада жаңа жұмыс орындарын құрып және жаңа кәсіпорындар ашатын шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Мұхтар Әбләзов Құрманбек Бакиевке банктің ТМД елдеріндегі банк жұмыстарының стратегиясы жөнінде әңгімеледі және Қазақстан экономикасымен тікелей байланысты Қырғызстандағы банк клиенттерінің жоспарына тоқталды. Қазақстандық және шетелдік көптеген инвесторлардың пікірінше, Қырғызстанның қаржы тарту мүмкіндіктері жеткілікті, әсіресе, демократиялық валюта және салық заңдылықтары керемет.

«Қырғызстанның ұлттық жобаларында бұл шешімді жүзеге асырудың анағұрлым айқын жобалары бар. Ол банк клиенттерін қызықтырады, ал мемлекеттің қолдауымен ол одан да тартымды бола түспек. Тек жер туралы заңнамада ғана кедергілер болғалы тұр. Егер Қазақстанда жерді әрбір адам азаматтығына қарамастан алып-сата алатын болса және ол қаржыландыруға қызығушылық туғызса, ал Қырғызстанда жерді тек сол елдің азаматтары ғана сатып ала алады. Бұл қырғыз экономикасының дамуына кедергі келтіреді, - дейді қазақстандық ірі банктің басшысы.

Қазақстанның қаржы секторы ел тәуелсіздігінің 15 жылы ішінде айтарлықтай дамыды. Банктер мен банкирлердің жұмыстарының сапасы артты. Сырт елдердегі олардың қызметі Қазақстан экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіруде қажетті алғышарттарды құрады.
Қырғызстанда ТӘБ тендерлер мен түрлі байқауларға және ипотекалық несиелендіруді қаржыландыру, лизингілік қызметті ұсыну, тау-кен өндірісін, биотехнологияны, коммуникацияны, банктік қызмет пен туризм инфрақұрылымдарын дамыту жобаларына қатысатын болады.
Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру нарық шарттары бойынша жүргізілетін болады. Айтылған жобалардың бәрі өмірге енгізілмейді. Өйткені банк қаржыландырмайды, ол өз клиенттерінің мақсаттарына жетулеріне көмектесе отырып, ұйымдастырушы ретінде ғана қатысады.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ нарықтың барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 12 млрд., ал банктің меншікті жиынтық капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.

Жуырда қабылданған жаңа стратегиясында банк өзін қызметкерлері мен олардың отбасылары, өзі қатысатын елдердегі клиенттері мен акционерлері алдында әлеуметтік жағынан жауапкершілікті ұйым деп мәлімдеді. ТұранӘлем банкі дамуының басымдық бағыттары жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету, бөлшек сауда бизнесінің үлесін банктік портфелде оның бөлек бизнеске бөлінуі есебінен 50 пайызға дейін көбейту, қызмет көрсету сапасы мен технологиялық модернизацияға инвестицияны арттыру болып табылады.

2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр. 2015 жылы Қазақстандағы ТӘБ активтерін 34 млрд., капиталды - 3.8 млрд., таза пайданы - 615 млн АҚШ долларына, бөлімшелер санын 286-ға дейін, қызметкерлер санын 6963 адамға дейін арттыруды көздейді.