Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкноталарын айырбастау басталды

16.11.2006 / Баспасөз орталығы

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге номиналдарын жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастау басталды. Ескі және жаңа үлгідегі банкноттар 2007 жылғы 15 қарашаға дейін қатар жүретін болады. Айналыста қатар жүру кезеңінде ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ, ешбір шектеусіз банктік есепшоттарға есептеу үшін қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады. Бұл мерзім өткеннен кейін ескі үлгідегі банкноттарды Ұлттық банктің банктері мен филиалдарында тағы бір жыл айырбастауға болады. Бұдан кейін 10 жыл уақыт ішінде Ұлттық банк ескі үлгідегі банкноттарды сараптама жүргізілгеннен кейін қабылдап, айырбастайтын болады.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ бөлімшелерінде банкноттарды айырбастау айырбасталатын сомаға қарамастан және комиссиясыз бірге бір жүзеге асырылады.

ТұранӘлем банкінің банкоматтары жаңа үлгідегі банкноттармен алдын ала құрылған кесте бойынша толықтырылады. Банк филиалдары мен бөлімшелерінің барлық кассирлері айырбастау үдерісі бойынша әзірленді және оларға нұсқау берілді. Жаңа үлгідегі банкноттар бойынша ақпараттық материалдар(плакаттар, буклеттер) әзірленіп, филиалдарға таратылды.

Егер банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңінде ТұранӘлем банкі бөлімшелерінің қайсыбірі жаңа немесе ескі үлгідегі банкноттарды қандай номинал екеніне қарамастан қабылдамайтын болса, «ТұранӘлем банкі» АҚ филиалының бөлім бастығына немесе бас бухгалтерге хабарлауыңызды сұраймыз.

Теңге монеталары бұрынғы дизайнымен қалады және айырбасталмайды.

Қазақстандық жаңа банкноттар жайлы толық ақпаратты: www.tenge2006.kz сайтынан және банк бөлімшелерінен білуге болады.