Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Отандағы концерттер. Жұлдыздар Шығыста туып, Батыста жарқырап жанады» атты екінші фестивалі ұйымдастырушылардың пікірінше жылдың айтулы оқиғасы болмақ

23.11.2006 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Марат Бисенғалиевтің Мәдени қоғамдық қоры «Отандағы концерттер» Екінші фестивалі аясында шетелде тұрып, жұмыс істеп жатқан әлемдік деңгейдегі қазақстандық жұлдыздардың өнерін тамашалауға тағы да зор мүмкіндік туғызды. Марат Бисенғалиевтің Мәдени қоғамдық қоры жобаны ТұранӘлем Банкінің демеушілігімен және Алматы қаласының Әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

«ТұранӘлем» банкінің 80 жылдық мерейтойына орай болашағы зор арт-жоба идеясы жүзеге асырылған болатын. Өткен жылы «Отандағы концерттер» бірінші фестивалі Алматы мен Астана қалаларында үлкен табыспен өтті. Ал бұл жолы концерт Алматы қаласында 2006 жылғы 25 және 27 қараша күндері өтеді. Шетелде белгілі болып жүрген бұл музыканттар әлемнің ең үздік сахналарында өнер көрсетумен бірге өз Отанымен рухани және адамгершілік байланыстарды жоғалтпай, Қазақстанды әлемге танытып жүр.

Бұл фестивальдің ең айтулы ерекшелігі - оған Covent Garden, Royal Opera House (London), Metropolitan Opera ( New York) және Baltimor Opera Елена Келессиди сияқты солистердің шақырылуы. Қазақстандық көрермендерге Елена Келессидидің өнерін бірінші болып ұсыну Марат Бисенғалиевтің Мәдени қоғамдық қоры үшін зор мақтаныш. Сондай-ақ гала-концертке КСРО Халық артисі, Ресейдің Мемлекеттік Академиялық Үлкен театрының бас дирижері, «тамашы скрипкашы-солист» ( «New York Times»анықтамасы бойынша)- Фуат Мансуров; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз меценаттар клубы сыйлығының бірінші иегері - Марат Бисенғалиев; композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның Композиторлар одағының басқарма мүшесі – Алмас Серкебаев; Ерік Құрманғали (бас солист, ерлер альті, Мәскеу, Ресей), халықаралық конкурстардың лауреаты(фортепиано, Сан-Франциско, АҚШ) - Теміржан Ержанов; халықаралық конкурстардың лауреаты (соқпалылар, Афины, Греция)- Владимир Афанасьев; Сержан Кауков, ( Мәскеу балетінің солисті, Ресей) сияқты әйгілі музыканттар қатысады.

«ТӘБ Болат Атабаевтың «Қыз Жібек» атты алғашқы ұлттық мюзикліне қолдау көрсете бастады, оның труппасының шетелдерде өнер көрсетуіне мүмкіндік жасады. 2006 жылы мамыр айында Марат Бисенғалиевтің басшылығына зор сенім артып, , ТМД-дағы ең ірі жоба – ТұранӘлем үлкен филармониялық оркестрін құрдық. Мұның бәрі біздің банктің әлеуметтік жауапкершілік стратегиясы аясында жүзеге асуда», - деді ТӘБ басқарма төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 12 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1,6 млрд АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр.

Ақпараттық демеушілер: Алматы ТК, 31 канал, Хабар агенттігі, Рахат ТК, Қазақстан ТРК, Литер, Банзай журналы, Комсомольская правда Қазақстан, Панорама, Европа Плюс Қазақстан, Қазақстан баспасөз клубы.

Бағдарлама

25 қараша Көпшіліктің сұранысы бойынша Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында музыканттардың студенттермен мастер-кластары өтеді. Бұл жас әртістердің жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберліктерін шыңдауда зор рөл атқармақ. 26 қараша Қазақконцертте сағат 18.30-да классикалық музыкалар концерті. (Абылайхан к., Қазыбек би к., қиылысы) Солистер - Елена Келессиди, Теміржан Ержанов.27 қараша Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында сағат 18.30-да гала-концерт өтеді. Бірінші бөлімінде А.Серкебаевтың әлемдік премьерасы орындалады, ал екінші бөлімінде әлемдік деңгейдегі біртуар классикалық музыка үлгілері.