Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Грузиннің «Құрмет» ордені алғаш рет шетелдік азаматтарға берілді

27.11.2006 / Баспасөз орталығы

Жұма, 24 қараша күні Тбилисиде (Грузия) «Амирани» Арт-орталығында Грузияның Мәдениет министрі Георгий Габашвили мен ТӘБ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбілязов «Тоғысу: Қазақстан-Грузия» Мәдениет фестивалін ашты. Фестиваль 26 қарашаға дейін созылды және ол ТӘБ тобы ұйымдастырып, толығымен демеушілік еткен бірқатар арт-жобалардан тұрды.

Фестиваль бағдарламасы аясында фотокөрме ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда адамдар пленкада басылған эпизодтар туралы ойларын өздері құрастыра алады.

«Көшпенділер» блокбастерінің көрсетілімі Қазақстаннан сырт елдерге беймәлім Қазақ мемлекетінің құрылу тарихын, ұлттық ерекшеліктерімізді таныстыру, XVII ғасырдағы қазақтардың мәдениетін, сондай-ақ грузиндік жұртшылығына оның бюджетімен (33,5 миллион АҚШ доллары, ТМД кинематографы тарихындағы ең ірі қаражат) және кең ауқымдылығымен әсер қалдыру.

Мұрат Әуезов жүргізген «Мәдени империализм. Нақтылық пен оның келешегі» атты дөңгелек үстел қазақстандық, грузиндік мәдениеттанушыларға, тіл мамандарына, жазушыларға экономика негізінде жүргізіліп жатқан мәдени жағдайларды жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.Ұйымдастырушылардың пікірінше, дөңгелек үстел мәдени егемендік пен мәдени империализм мәселелері бойынша ой-пікірлердің талқыға түскен алаңы болды.

Оған Қазақстаннан мына тұлғалар қатысты:

  • Мұрат Мұхтарұлы Әуезов, Ұлттық кітапхананың бас директоры, ұлы жазушы М. Әуезовтің ұлы.
  • Атабаев Болат Манашұлы, Республикалық Неміс Драма Театрының бас режиссері. Михаил Туманишвилидің шәкірті, 1984-1986 ж. Тбилисиде тұрған.
  • Еженова Ардақ, ақын
  • Ерімбет Нұрлан, тәуелсіз саясаттанушы

Грузин тарапынан қатысқандар:

  • Заал Абашидзе, Ұлттық кітапхананың бас директоры,
  • Георгии Маргвелашвили, Грузия Театр Университетінің Ректоры, Туманишвили атындағы театрдың көркемдік жетекшісі, М. Туманишвилидің шәкірті
  • Давид Сакварелидзе, Захария Палиашвили атындағы Мемлекеттік Опера және Балет театрының директоры
  • Лия Стуруа, ақын.

«Той» театрландырылған қойылымы Қазақстанның бүгінгі мәдениетінің жағдайынан хабардар етіп оны айшықтап көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында кәсіби шеберлігімен шыңдалып, танылған қазақстандық жас мамандар мен грузиндік әртістер әзірлеген фольклор, этнография, ұлттық дәстүр элементтерінен опера мен мюзиклге құрылған біріккен театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Онда ән, би, сахналық диалогтар, опералық ариялар және т.б. көрсетілді.

Қазақтың тұңғыш «Қыз Жібек» мюзиклі алғаш рет шетелде көрсетілді. Евгений Брусиловскийдің (1905-1981) әйгілі операсының бұл қойылымы Қазақстандағы бүгінгі мәдениетті дамытудың тамаша үлгісі болды. Мәдениет пен өнер әрдайым жоғары деңгейде болып келген Грузияда мәңгілік махаббат тарихына деген жаңаша көзқарастың ерекшелігін лайықты бағалай алады.

25 қараша, Грузияның мемлекеттік канцеляриясында мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты болып өтті. «ТұранӘлем банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбілязов пен банк басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Тәтішев Құрмет орденімен марапатталды. Грузия Президенті Михаил Саакашвили қол қойған Жарлық мәтінінде: Мұхтар Әбілязов пен Еркін Тәтішев « Табысты жүргізілген инвестициялық жобалары мен Грузия экономикасына қосқан сүбелі үлесі үшін» осы наградаға лайықты деп көрсетілген.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 10 қарашада 11,8 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр.ТұранӘлем банкінің жуырда бекітілген 2006-2015 жылдарға арналған жаңа стратегиясына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымын нығайту және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде – 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді. Банктің активтерін біріктіріп, оны 2010 жылғы дейін 25млрд., ал 2015 ж. 50млрд.АҚШ долларны дейін жеткізу белгіленіп отыр.
« ТұранӘлем Банк» АҚ Қазақстаннның абыройын асқақтатын өзінің тиімді инвестициялары ретінде елдің бірқатар ауқымы кең жобаларына демеушілік етті. Осылайша Марат Бисенғалиевтің басқаруымен әлемдік деңгейдегі орындаушы- музыканттардан құралған ТұранӘлем үлкен филармониялық оркестрі құрылды. Жыл сайын Қазақстан астанасы мен Алматы қалаларында әлемнің ең үлкен сахналарынад өнер көрстеіп, шетелде тұрып жатқан қазақстандық әлемге әйгілі музыканттардың «Отандағы концерттері» өткізіледі. 2006 жылдан бері Б.Атабаевтың бірінші ұлттық «Қыз Жібек» мюзикліне қолдау көрсете бастады. 2003 жылдан қазақ киносының алтын қорындағы қазақстандық режиссердердің үздік фильмдерні қайта қалпына келтіріп, насихаттауды қаржыландыры келеді.