Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

29.12.2006
Қымбатты достар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

25.12.2006
"АвтоЛеди - әйелдерге арналған автонесиелендіру» акциясы бойынша екінші ұтыс ойындарының қорытындысы
2006 жылғы 08 желтоқсан күні 2006 жылдың 01 қыркүйегінен 30 қараша аралығында Банктен автонесие алған қарыз алушы әйел-қыздар арасында, дәлірек айтқанда Парижге екі адамға арналған сыйлық үшін екінші ұтыс ойындары өткізілгенін хабарлаймыз.

22.12.2006
TuranAlem Finance B.V.- ТұранӘлем банкінің еншілес компаниясы облигацияларды АҚШ долларымен орналастыруды көздеп отыр
Орналастыру қолданыстағы (Global Medium Term Note) бағдарлама аясында жоспарланып отыр және ол 2007 жылдың басында өтетін роудшоудан кейін нарықтық шарттарда дереу жүзеге асатын болады.

20.12.2006
ТұранӘлем банкі мен Темірбанктің директорлар кеңесінің құрамдары өзгерді
Директорлар кеңесі құрамына ТӘБ-нің 3 өкілі және 2 тәуелсіз директорлар енгізілді. Жаңа кеңестің сайлануы акционерлер құрамының өзгеруіне байланысты. Темірбанктың Басқармасы 5 адамнан 3 адамға дейін қысқарды, оның төрағасы болып Әбілахат Кебіров тағайындалды.

15.12.2006
ТұранӘлем банкінің интернет-банкингі . ТұранӘлем Банкі әрқашан жаныңызда!
Кез келген ақпарат түрін берудегі интернеттің қолайлылығы мен оның шексіздігінің арқасында тұлғаның орналасқан жеріне қарамастан байланысты қолдау мүмкіндігін клиенттерді тартуға және оларға қызмет көрсетуде заманауи технологияларға жүгінетін алдыңғы қатарлы көптеген компаниялар жоғары бағалады. Мұндай компаниялардың қатарында банк те бар.

13.12.2006
Веналық опера балының бас демеушісі
ТұранӘлем банкінде Веналық опера балы сияқты классикалық музыка мен би мерекесіне бас демеуші болуға шешім қабылданды. Сөйтіп Еуропаның императорлар сарайларының ғажайып дәстүрлерінің Қазақстанда сән-салтанат құруына мүмкіндік туғалы отыр.

13.12.2006
Қазақ киносының алтын қорындағы 20 үздік фильм бойынша халықтық таңдау қорытындысы жарияланды
Бүгін баспасөз мәслихатында бірінші кезекте қайта өңдеп, қалпына келтіру үшін талқыға түскен 50 киноның ішінен ең көп дауысқа ие болған 20 киноның тізімі жарияланды.

12.12.2006
ТМД-да алғаш рет еуробондтар фунт стерлингтерімен орналастырылды
ТМД-да алғаш рет еуробондтар ағылшынның фунт стерлингтерімен орналастырылды. Облигацияларды TuranAlem Finance B.V. жылдық 7.125% купонмен шығарды және ТӘБ-імен кепілдендірілген. Орналастыру көлемі – 200 миллион фунт стерлингтерін құрады, сәтті өткізілген non-deal роуд-шоу-дан кейін бастапқы жарияланған 150 млн. фунт стерлингтері көтерілді. Облигацияларды 50-ден астам компаниялардың ішінен мәміле букраннері - Deutsche Bank' орналастырды және орналастырылғаннан кейін 3 жылдан кейін өтелуі мүмкін.

04.12.2006
Standard and Poor's рейтинг агенттігі ТӘБ рейтингілік болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» көтерді
Standard and Poor's қазақстандық «ТұранӘлем Банкі» АҚ–ның (ТӘБ) рейтингі бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» өзгертті. Сонымен бірге ТӘБ несиелік рейтингі «ВВ» ұзақмерзімді және «В»қысқамерзімді болып бекітілді

01.12.2006
Итоги журналының бағалауымен ТұранӘлем банкі «ТМД-дағы жыл банкі» атанды
30 қараша күні Мәскеуде Банкир Күні мерекесі салтанатында ТұранӘлем банкі «ТМД-дағы жыл банкі» деп танылды. Ол «Итоги» журналы жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша анықталды.