Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Итоги журналының бағалауымен ТұранӘлем банкі «ТМД-дағы жыл банкі» атанды

01.12.2006 / Баспасөз орталығы

30 қараша күні Мәскеуде Банкир Күні мерекесі салтанатында ТұранӘлем банкі «ТМД-дағы жыл банкі» деп танылды. Ол «Итоги» журналы жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша анықталды. Аталмыш салтанатқа 80-ге жуық ресейлік ірі банктер мен ТМД-дағы несие ұйымдарының басшылары, қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызмет, қаржы нарығы бойынша федералдық қызмет, Ресей өнеркәсіп палатасы, банк ассоциациялары, Мәскеу банкаралық валюта биржасының басшылары, Ресей Президенті әкімшілігінің өкілдері, Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және АТА аймақтары бойынша топтың басқарушы директоры қатысты.

Қаржы бойынша жыл қорытындыларын РФ қаржы министрі Алексей Кудрин мен Ресей Банкі төрағасының бірінші орынбасары Алексей Улюкаев жасады.

Кейінгі екі жыл ішінде ТұранӘлем банкі бірқатар марапаттарға ие болды. 2006 жылдың шілде айыда «Euromoney» журналы ТӘБ-ке «Дамушы рыноктардағы ең үздік несие алушы» атағын берді, ал маусым айында мұнай құятын танкерлер импортын Ресейден Қазақстанға ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша ТӘБ «Euromoney» журналының «2005 жылдың үздік мәмілесі» марапатына ие болды. Сондай-ақ, ТӘБ екі мәрте жыл сайынғы «Банк ісі» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Наурыз айында Ұлттық Тұтынушылар Лигасы «үлкен үштік» банктердің арасында банктік бөлшек сауда сапасын зерттей келе, ТұранӘлем Банкін «Мінсіз» ұлттық сапа белгісімен марапаттады. Ал 2006 жылдың ақпан айында «Жыл персонасы -2005» атағы мен «Жыл сайынғы ұлттық марапаттың» «Ресей экономикасына табысты интеграциясы үшін»арнаулы номинациясы бойынша «Жыл персонасы» құрметті дипломы банк басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Тәтішевке берілді. 2005 жылы ТӘБ-ті аса беделді «Euromoney» журналы «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азияның үздік банкі» деп атады.

2006 жылдың 25 қарашасында « Инвестициялық табысты жобалары мен Грузия экономикасына қосқан қомақты үлесі үшін» «ТұранӘлем банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов пен бан басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Тәтішев Құрмет орденімен марапатталды. Бұл шетел азаматтарының алғаш рет Құрмет орденімен марапатталуы. Сондай-ақ марапаттау рәсімі кезінде Грузия Президенті Михаил Саакашвили М. Әблязов пен Е.Тәтішевке Грузияның құрметті азаматтығы ұсынылғанын хабарлады.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 10 қарашада 11,8 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем банкінің жуырда бекітілген 2006-2015 жылдарға арналған жаңа стратегиясына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымын нығайту және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде – 5 пайыз нарық үлесі иемдену кіреді. Банктің активтерін біріктіріп, оны 2010 жылға дейін 25 млрд., ал 2015 ж. 50 млрд.АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр.