Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Standard and Poor's рейтинг агенттігі ТӘБ рейтингілік болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» көтерді

04.12.2006 / Баспасөз орталығы

Standard & Poor's қазақстандық «ТұранӘлем Банкі» АҚ–ның (ТӘБ) рейтингі бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» өзгертті. Сонымен бірге ТӘБ несиелік рейтингі «ВВ» ұзақмерзімді және «В»қысқамерзімді болып бекітілді.

ТӘБ рейтингі бойынша болжамы банктің капиталын 2007 жылдың 1-тоқсанының соңына қарай 400 млн. АҚШ долларына көтеру жөніндегі акционерлердің жоспары бойынша өзгертілді. Бұл ниет акционерлердің өз банкін қолдауға әзір екендігін көрсетеді. Агенттік «ТӘБ-нің агрессиялығы төмен даму стратегиясына өтуі , меншік құрылымының айқындылығын арттыру, сондай-ақ 2007 жылдың соңына дейін толығымен біріктіріледі деп күтілетін топтың Ресей мен ТМД-ның өзге де елдеріндегі еншілес компаниялары туралы ақпаратты толығымен ашық ұстауын» да ескерді деп есептейді несие аналитигі S&P Магар Куюмджян .

"Позитивті" болжамы" банктің салыстырмалы түрдегі қаржы көрсеткіштерінің жоғарылығы мен мықты бизнес-құрылымы бар екенін көрсетеді, бұл ТӘБ-ке экономикадағы ағымдағы оңтайлы беталысты тиімді пайдалануға және нарықпен қатар дамудың анағұрлым кемелденген кезеңіне өтуге мүмкіндік еді , - деп толықтырды Куюмджян мырза. Банк нарықтағы өнімдер мен қаржыландыру көздерін әртараптандыруға, марждың арзандауы мен курс айырмасындағы кірістерді азайтуға жақсы бейімделуде. Егер ТӘБ өзінің жылдам өсіп келе жатқан несиелік портфелін (әсіресе, тәуекелдігі жоғары сыртқы рыноктармен жұмыс кезінде) тиімді басқаруға қабілетті екендіін көрсете алса, тәуекелділіктерді әртараптандырып және базалық капиталдың жетіспеушілігі мәселесін шешетін болса, рейтингілері жоғарылауы мүмкін.