Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТМД-да алғаш рет еуробондтар фунт стерлингтерімен орналастырылды

12.12.2006 / Баспасөз орталығы

ТМД-да алғаш рет еуробондтар ағылшынның фунт стерлингтерімен орналастырылды. Облигацияларды TuranAlem Finance B.V. жылдық 7.125% купонмен шығарды және ТӘБ-імен кепілдендірілген. Орналастыру көлемі – 200 миллион фунт стерлингтерін құрады, сәтті өткізілген non-deal роуд-шоу-дан кейін бастапқы жарияланған 150 млн. фунт стерлингтері көтерілді. Облигацияларды 50-ден астам компаниялардың ішінен мәміле букраннері - Deutsche Bank' орналастырды және орналастырылғаннан кейін 3 жылдан кейін өтелуі мүмкін.

"Облигацияларды 2006 жылдың соңына дейін ағылшынның фунт стерлингтерімен орналастыру жөнінде банк басқармасы ТұранӘлем банкі шығарған құралдарға стерлингілік инвесторлар тарапынан сұраныстың артуына байланысты шешім қабылдады», -деп мәлімдеді банктің сыртқы қарыздар басқармасының бастығы Садыр Шағожаев.

Орналастыру EMTN бағдарламасы аясында лондон биржасындағы листингімен жүзеге асты.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 12 млрд., ал банктің меншікті жиынтық капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта кәсіпке несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2006-2015 жылдарға арналған банктің стратегиялық мақсаттарына Қазақстан мен ТМД- ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта кәсіп пен корпоративтік қызмет көрсету сегменттері бойынша көшбасшылық қатарға бекем орнығып, Қазақстанда кем дегенде 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа елдерде 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді.

Банктің жиынтық активтерін біріктіру және оларды 2010 жылға дейін 25 млрд., ал 2015 жылға дейін 50 млрд., АҚШ долларына дейін арттыру белгіленді.