Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Веналық опера балының бас демеушісі

13.12.2006 / Баспасөз орталығы

ТұранӘлем банкінде Веналық опера балы сияқты классикалық музыка мен би мерекесіне бас демеуші болуға шешім қабылданды. Сөйтіп Еуропаның императорлар сарайларының ғажайып дәстүрлерінің Қазақстанда сән-салтанат құруына мүмкіндік туғалы отыр.

Ұлттық деңгейдегі осындай шараларды өткізу мәдени астаналардың бірі ретіндегі Алматы қаласының беделін арттыра түсетініне және өнер, қаржы, бизнес пен саясат майталмандары мен қайраткерлерінің біздің қаламызға ерекше назар аударатынына біз кәміл сенеміз.

Қазақстандағы Веналық опера балы жуырда өткен: «Отандағы концерттер», «Қазақфильмнің» алтын қоры» акциясы, «Мәдени байланыс: Қазақстан – Грузия» фестивалі, «ТұранӘлем» үлкен филармониялық оркестрін құру» сияқты ТұранӘлем банкінің мәдени жобаларының жалғасы іспетті.

ТұранӘлем банкінің мәдени жобаларға бағытталған инвестициялары Отанымыздың және ТӘБ-нің басқа елдер мен континенттерге өзге қырынан танылып, мәртебесінің биіктеуіне бағытталған. Банктің акционрлері мен менеджерлерінің әлеуметтік жауапкершілігі қаржылай қолдау көрсетумен ғана шектелмейді. Банк қызметкерлрінің, сондай-ақ, ел азаматтарының да экономикалық жағдайының жақсаруына, қазақ халқының мәдени мұрасына жан-жақты қамқорлық жасап, оны байыта түсуге де атсалысып келеді. Осындай жобаларды ұйымдастырып және демеушілік ете отырып ТӘБ қазақстандықтардың рухани байлығын арттыруға өзіндік үлесін қосып келеді.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 10 қарашада 12 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем банкінің жуырда бекітілген 2006-2015 жылдарға арналған жаңа стратегиясына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымын нығайту және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде – 5 пайыз нарық үлесін иедену кіреді. Банктің активтерін біріктіріп, оны 2010 жылға дейін 25 млрд., ал 2015 ж. 50 млрд.АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр.