Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақ киносының алтын қорындағы 20 үздік фильм бойынша халықтық таңдау қорытындысы жарияланды

13.12.2006 / Баспасөз орталығы

Бүгін баспасөз мәслихатында бірінші кезекте қайта өңдеп, қалпына келтіру үшін талқыға түскен 50 киноның ішінен ең көп дауысқа ие болған 20 киноның тізімі жарияланды.

Қазақ киносының алтын қорындағы ең үздік, сүйікті фильмдерімізді қалпына келтіру үшін SMS пен Интернет, сондай-ақ республикалық «Новое поколение» газетінің купондары арқылы 4 қазан күні басталған дауыс беру өз мәресіне жетті.

Көрермендер таңдаған жоғарғы «рейтингідегі» фильмдер қатарында «Абай» / Реж. А. Әмірқұлов, «Тоғызыншы ұлыңнан сақтан»/ Реж В. Пусурманов, В. Чугунов, «Қан мен тер»/ Реж. Ә. Мәмбетов, Ю. Мастюгин, «Жамбыл»/ Реж. Е. Дзиган, «Ғұлама Шоқан» / Реж. А. Әшімов, Цой Гук Ин». Сондай-ақ 20 таңдаулы кинолар қатарына мына фильмдер енді:

  • Абай әндері
  • Жұт
  • Шоқ пен шер
  • Дала әуендері
  • Ана мен бала
  • Тыныштық
  • Райхан
  • Жауынгердің ұлы
  • За нами Москва
  • Песнь о великане
  • Звучи, там-там
  • Белая Роза
  • Сестра моя Люся
  • Его время придет
  • Там, где цветут эдельвейсы

Акцияның ең белсенді қатысушыларына сыйлықтар табыс етілд. Бұл олардың берген дауыстары бойынша 1, 2, 3-орынды иемденген фильмдер арқылы анықталды.(10 фильмге дейін дауыс беруге мүмкіндік берілді).

«Қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерге дауыс беру мыңдаған қазақстандықтар үшін отандық фильмдердің қаншалықты құнды екенін және оларды жаңа ұрпаққа сақтауға деген зор ықыластарын танытады», - деді өз сөзінде ТӘБ басқарма төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский.

Дауыс беру жөніндегі ақпарат 60 күн бойы арнаулы өңделген сайтта және «Қазақстан» телеарнасындағы бағдарламаларда, «НП» газетінің «Кино» атты арнаулы бетінде жарық көрді. Сондай-ақ, ТӘБ офистерінің постерлерінде, ұялы байланыс операторлары, «Отау Синема» кинотеатрлар желісі, «Меломан» дүкендерінде де көпшілікке ұсынылды.


Халықтық таңдау тарихы 2003 жылы кинематографистер мен ТұранӘлем банкінің бастамасымен және Ержан Тәтішев атындағы қайырымдылық қорының қолдауымен Қазақфильмнің ленталарындағы әйгілі алғашқы ондығын таңдап, қазақстандық режиссерлердің таңдаулы фильмдерін қалпына келтіруден басталды.Бүгінде көрермендер 30 фильммен қайта қауышты.

Қазақстан киносы осындай үлкен құрметке лайықты.

Архитектуралық және әдеби ескерткіштерден бөлек ұлттық тарихымыздың бөлінбес бөлігі бейнелеу мәдениеті болып табылады. Сурет өнері Қазақстанда XX ғасырдың басында дами бастады, көшпенділерде декоративті –қолданбалы өнер анағұрлым жоғары дамыған. Коллективтендіру мен отырықшылыққа көше бастаған кезде қалыптасып, Ұлы Отан соғысы жылдарында дами бастаған қазақстандық кинематографтың феномені осынымен де қызықты. Ғасырдың соңында дүниежүзі халықаралық фестивальдарда тұрақты түрде жүлде алып келген «қазақ киносының жаңа толқыны», режиссерлар туралы біле бастады. Ал 50-80 жылдары «Қазақфильмде» үлкен өзгерістер болды. Студияда өте қызық үдерістер жүріп жатты: кинематографтың ұлттық мектебі құрылды, заманға сай өнім өндірілді, шығармашылық ізденістер жүргізілді, халықаралық байланыстар орнатылды. «Шөптің арасындағы тәтті шырын», «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Ине» сияқты белгілі фильмдерді бүкіл ұрпақ көріп өсті.

«Қазақфильмнің» көркем фильмдерін қалпына келтірудің уақыты әлдеқашан жеткен болатын. Ұзақ уақыт фильмдер КСРО Мемлекеттік фильм қорының Мәскеудегі мұрағатында сақталған болатын. Барлық ескі көшірмелері жарамсыз күйге жеткен, телекөрермендерге белгілі, неге екенін белгісіз , қазақстандық фильмдер тек мемлекеттік мереке күндері ғана көрсетілетін. Киноның техникалық сапасының төмендігі көңілге қаяу түсіретін. Сондықтан «Қазақфильмнің »басшысы Сергей Әзімов 2003 жылы ТӘБ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевке осы жобаны іске асыру жөнінде тілек білдіргенде дереу қолдау тапқан еді.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 1 желтоқсанда 12 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр. Сонымен қоса ТұранӘлем үлкен оркестрін құруды, «Отандағы концерттер» атты қазақстандық әлемге әйгілі музыканттардың жыл сайынғы фестиваліне, Болат Атабаевтың «Қыз Жібек» атты тұңғыш ұлттық мюзикліне демеушілік етеді.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм"АҚ тарихы 1934 жылдан басталады. 1960 жылы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы "Қазақфильм"киностудиясы болып атын өзгертті. Ал 1984 жылы Шәкен Аймановтың есімі берілді. Негізгі қызметі: жобаларды өңдеу, кино және видеофильмдерді өндіру, қазақ фильмдерін прокатқа беру, ( "Kazakh Cinema Distribution"компаниясымен бірлесіп)
Веб-сайты: www.kazahfilm.kz

Республикамыздың барлық аймағына хабар тарататын республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 1958 жылдан жұмыс істейді. 2006 жылы қыркүйекте «Қазақстан» барлық қазақстандықтардың сұранысын ескеріп, хабарларының 90 пайызын жаңа маңызды жобалармен жаңартты.

K’cell и Activ сауда белгілерін ұсынатын GSM Қазақстан, 1998 жылы қыркүйекте құрылған. GSM Қазақстанның акционерлері "Қазақтелеком"АҚ ұлттық байланыс операторы мен FinTur Holding B.V. (Финляндия, Швеция, Түркия)болып табылады.
Веб-сайты: www.kcell.kz

"Kazakh Cinema Distribution" компаниясы 2002 құрылған. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм"АҚ-мен арнайы келісім аясында Қазақстан аумағы мен таяу және алыс шетелдерде қазақ көркем, деректі және анимациялық фильмдерін өндіруге, прокатқа беріп, жылжытуға құқылы.

"КаР-Тел"компаниясы Қазақстанда Beeline и K-Mobile сауда белгілерін ұсынады..
Веб-сайты: www.beeline.kz, www.k-mobile.kz

"Новое поколение" республикалық апталығының негізі 1998 жылы қаланған. "Алтын жұлдыз" жүлдесінің иегері. 2002-2005 жылдың ең таңдаулы қоғамдық-саяси апталығы.
Веб-сайты: www.np.kz

"АЛТЕЛ"АҚ – Қазақстандағы ұялы байланыстың алғашқы ұлттық операторы. 1994 жылдан бастап АЛТЕЛ өз абоненттеріне Қазақстанның ірі қалаларында телекоммуникациялық қызметтер көрсете бастады. "АЛТЕЛ"АҚ –ның Dalacom және PAThWORD қызметін еліміздің қалаларында 400 000 –нан астам адам пайдаланады.
Веб-сайттары: www.dalacom.kz, www.pathword.kz

Ақпараттық демеушілігі үшін әріптестер "Kino.kz - Қазақстан киноафишасы"Интернет-жобасына, "Kazakh.ru" халықаралық серверіне, "Неолабс"компаниясына, ( "kino.one.kz"жобасымен), “ОтауСинема”компаниясына және “Меломан”дүкендер желісіне зор алғысын білдіреді.

"Kino.kz - Қазақстан киноафишасы" сайтында Қазақстанның 14 қаласындағы 37 кинотеатрдың күн сайынғы кестесі жарияланып тұрады. Балаларға арналған "Сегодня детям" атты арнаулы бетінде кинофестивальдар туралы ақпараттар, кино жаңалықтары беріліп тұрады. Сайттың киномұрағаты 1983 фильмге есептелген.

Қазақ.ру (www.kazakh.ru) сервері 2002 жылғы желтоқсан айында Қазақстан туралы және шетелде тұратын қазақстандықтар туралы жан-жақты мәлімет беретін және сұхбат құратын орын ретінде арнайы құрылған.

"Neolabs"ЖШС (www.neolabs.kz) заманауи технологиялардың мүмкіндіктері арқылы жобаларды жүзеге асырады. Негізгі қызметі: баспа, орналастыру, қолдау көрсету, жарнама және web-сайттардың жұмысын дамыту.