Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкінің интернет-банкингі . ТұранӘлем Банкі әрқашан жаныңызда!

15.12.2006 / Баспасөз орталығы

Кез келген ақпарат түрін берудегі интернеттің қолайлылығы мен оның шексіздігінің арқасында тұлғаның орналасқан жеріне қарамастан байланысты қолдау мүмкіндігін клиенттерді тартуға және оларға қызмет көрсетуде заманауи технологияларға жүгінетін алдыңғы қатарлы көптеген компаниялар жоғары бағалады. Мұндай компаниялардың қатарында банк те бар. Байланыстың тиімді арнасы ретінде Қазақстандағы интернетті дамыту және электронды әлемдегі байланыстың озық әдісінің қарқын алуы, қаржы секторына деген сенімнің нығаюы алдыңғы қатарлы банктерде интернет-банкинг жүйесін енгізіп және оны дамытуға түрткі болды.

ТұранӘлем Банкінің жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесі банктің кәдуілгі бөлімшелерінде көрсетілетін банктік қызметтердің кең ауқымын қамтиды. Жүйені пайдаланушы мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

  • Карталық шоттың ағымдағы жағдайын, несие және/немесе депозит бойынша шотты бақылауды жүзеге асыруға;
  • кез келген мерзімге өзінің банктік шоты бойынша көшірмені алуға;
  • банк шығарған карточка аралық аударымдарды жүзеге асыра отырып өзінің картлық шотын басқаруға;
  • БТА Ипотека үшін несиені өтеуге және жақтас тұлғалардың пайдасына төлемдер жасауға ( мобильді, қалааралық және халықаралық байланыс операторларының қызметі, кабельді телевидение, коммуналдық қызметтер, интернет үшін төлемдерді жасауға болады);
  • жүйе құралдары арқылы депозит ашуға электронды тапсырыс беруге, төлем карточкаларын шығаруға және SMS-банкинг қызметтері үшін өтініш беруге болады (жақын болашақта барлық банктік бөлшек сауда қызметтері бойынша электронды тапсырыстарды қабылдап және оларды әзірлеу күтілуде).

ТұранӘлем банкінің Интернет-банкинг жүйесі қызметінің мүмкіндіктері мен қызмет көрсету тізбесі үнемі кеңейтіліп отырады. Жүйеге Интернеттің дүниежүзілік торабы арқылы my.bta.kz адресі бойынша кіруге болады, пайдалануда қолайлы болу үшін жүйенің орыс және қазақ тілдегі нұсқалары ұсынылады.

Дербес банктік өзін өзі басқару жүйесіне қосылу үшін: біріншіден, ТұранӘлем банкі шығарған төлем карточкаларының болуы, екіншіден, my.bta.kz адресі бойынша тіркеуден өту де жеткілікті.

Көпшілікке арналған нұсқаны пайдалана отырып алдын ала жүйенің web-site арқылы оның жұмыс істеу мүмкіндіктерімен танысуға болады. Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы бола отырып Сіз банк бөлімшесіне келмей-ақ көрсетілетін қызмет түрінің барлық жиынтығын пайдалана аласыз.

ТӘБ Интернет-банкинг жүйесінің ерекшеліктері – жүйеге қосыла отырып Сіз сатып алуға және арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды орнату үшін қосымша шығындар шығармайсыз. Интернет-банкинг жүйесінде тіркелу де тегін жүргізіледі.

Алматы қаласы бойынша (727) 2 500111, 2 500222 телефондары немесе аймақтар үшін 8000 800 111 тегін телефон соғу арқылы банктің Байланыс орталығына хабарласып, ТӘБ Интернет-банкинг жүйесі бойынша кеңес ала аласыз. Электронды пошта арқылы пайдаланушыларға қолдау көрсету prko@bta.kz және contactcenter@bta.kz. адресі бойынша жүзеге асырылады. Клиенттің тілегі бойынша түсініктеме беру немесе оны қызықтырған сауалдары бойынша жауаптар жеке электронды адресіне жіберілуі мүмкін.

2006 жылғы қараша айының басында ТұранӘлем Банкінің интернет-банкинг жүйесін пайдаланушылар саны 10000-ға жетті. 10000-ыншы пайдаланушы «Астана» филиалының Клиенті, филиалда жалақы жобасы бойынша қызмет көрсетіліп келе жатқан «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының қызметкері Елемесов Омархан Көптілеуұлы болды. Жолы болған астаналыққа «ТұранӘлем Банкі» АҚ «Астана» филиалының директоры Айдос Оразұлы Мұқатаев компьютерге арналған web-камераны сыйға тартты және Интернет кеңістігін пайдаланып, жаңа технологиялардың жанға жайлы әлеміне ене беріңіз деген тілегін білдірді.

Омархан Көптілеуұлы өз әсерлерімен былайша ой бөліседі:

  • "ДЕКБ (дербес есеп айырысу кассалары) қызметін мен 2 айдан бері пайдаланып келемін. Өте қажетті және қолайлы жүйе. Карт-шоттан көшірмені көре аламыз, телефон мен Интернет үшін төлемдер жасай аламыз. Ал маған қоңырау шалып, осы жүйені пайдаланғаным үшін сыйлық берілетінін естігенде мүлдем сенген жоқпын. Сіздердің банктеріңіздің өз Клиентіне қамқорлық көрсететіні және Сіздердің Халықаралық стандарттарға ұмтылатындарыңыз қуантады. Сіздердің банктеріңіздің өркендей беруіне және табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!"

Барлықтарыңызды өзіңіз үшін ТұранӘлем Банкінің Интернет-банкинг жүйесін ашуға шақырамыз!