Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі мен Темірбанктің директорлар кеңесінің құрамдары өзгерді

20.12.2006 / Баспасөз орталығы

Директорлар кеңесі құрамына ТӘБ-нің 3 өкілі және 2 тәуелсіз директорлар енгізілді. Жаңа кеңестің сайлануы акционерлер құрамының өзгеруіне байланысты. Темірбанктың Басқармасы 5 адамнан 3 адамға дейін қысқарды, оның төрағасы болып Әбілахат Кебіров тағайындалды.

ТӘБ директорлар кеңесі құрамына Еркін Тәтішев сайланды, ал Жақсылық Жарымбетов пен Мұрат Юлдашев ТұранӘлем банкі басқарма мүшесі болып тағайындалды.

Сондай-ақ бүгін біріккен баспасөз мәслихатында «ТұранӘлем банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Сәдуақас Мәмештегі мен «Темірбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Юлдашев Темірбанк акциясының бақылау пакетін ТӘБ-нің сатып алуына байланысты Темірбанк АҚ-ның «ТұранӘлем Банкі» АҚ конгломератына кіргені туралы хабардар етті.

52,19 пайызды сатып алуға ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің келісімі алынды. Мәмілені рәсімдеудің барлық тәртіптері өткізілді. Акция пакетін сатып алудағы мақсат — бөлшек сауда банкингіндегі ТӘБ тобының нарықтық үлесін артту.

«Жаңа команда құрамын Темірбанкте бұрыннан қызмет ететін, банк бизнесінде үлкен тәжірибесі бар қызметкерлер құрайды. Банк жұмысындағы жаңа бағыттарға байланысты қызметкерлердің санын арттырып, қосымша офистер ашу жоспарланып отыр. Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы қосымша банктік қызметтерді қажет етеді. Мен, - деді ТұранӘлем Банкінің Басқарма Төрағасы С.Х. Мәмештегі, - Темірбанкке жаңа акционерлердің келуі банктің қызмет көрсету ауқымын кеңейтіп және сапасын арттыруға мүмкіндік береді, бұл кәсіпкерлеріміз үшін, сондай-ақ шағын және орта кәсіп үшін аса маңызды.Қызмет көрсету сапасының артуы банкке жаңа клиенттер тартуға мүмкіндік береді. Енді біздің міндеттеріміздің басымдықтары стратегиялық және оперативтік басқарудың ортақ жүйесін құру, жүйелі тәуекеледіліктерді азайту, айқындылықты және соған сәйкес ТӘБ тобының халықаралық рейтингін де күшейту болмақ», - деп толықтырды ол.

«Темірбанк» АҚ акционерлерінен дауыс беретін акциялардың бақылау пакетін 2006 жылдың соңына дейін сатып алу банктің директорлар кеңесінің қыркүйектегі отырысында бекітілген ТӘБ-нің жаңа стратегиясы аясында жоспарланған болатын. 2006-2015 жылдарға арналған банктің стратегиялық мақсаттары қатарына банктің жиынтық активтерін біріктіру және оларды 2015 жылға дейін 50 млрд., АҚШ долларына дейін арттыру және Қазақстан мен ТМД- ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта кәсіп пен корпоративтік қызмет көрсету сегменттері бойынша көшбасшылық қатарға бекем орнығып, Қазақстанда кем дегенде 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа елдерде 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді.

"ТұранӘлем Банкі"АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылғы 1 желтоқсанда 12 млрд., ал банктің меншікті жиынтық капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта кәсіпке несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнығып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстандағы ауқымы кең ТұранӘлем үлкен филармониялық оркестрін құру, Қазақстаннан шыққан әлемге әйгілі музыканттардың жыл сайынғы «Отандағы концерттері», Болат Атабаевтың тұңғыш ұлттық театр мюзиклін құру сияқты бірқатар мәдени жобаларға демеушілік етеді.

«Темiрбанк» АҚ бөлшек сауда бойынша көшбасшы банк болып табылады және активтері мен меншікті капиталының көлемділігі жағынан Қазақстандағы ірі банктер ондығына кіреді. 2006 жылғы 01 желтоқсандағы мәлімет бойынша банктің активтері -1,4 млрд., ал меншікті капиталы - 200 млн. АҚШ долларын құрады. Банктің 104 сату нүктелері болды.

2006 жылғы қорытынды бойынша ТӘБ біріктірілген активтері 14,5 млрд.-қа жуық долларды құрайды.

Банктік конгломерат – бас және еншілес ұйымдардан, сондай-ақ бас ұйым немесе оның еншілес ұйымдары капиталдың 20 -50 пайызын иемденетін және келесі шарттардың бірімен сәйкес келетін ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы :

  • банк бас ұйым болып табылады немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылады;
  • банк бас ұйым болып табылмайды, алайда топтың қызметі негізінен банктік секторға жиналған, яғни, банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыратын банктердің меншікті активтері мен ұйымдардың, топтар мен топтардың меншікті капиталына қатынасы қырық және одан да көп пайыздарды құрайды;
  • банк бас ұйым болып табылмайды, алайда топ құрамында бір банк пен өзге қаржы ұйымы болады.