Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

TuranAlem Finance B.V.- ТұранӘлем банкінің еншілес компаниясы облигацияларды АҚШ долларымен орналастыруды көздеп отыр

22.12.2006 / Баспасөз орталығы

Орналастыру қолданыстағы (Global Medium Term Note) бағдарлама аясында жоспарланып отыр және ол 2007 жылдың басында өтетін роудшоудан кейін нарықтық шарттарда дереу жүзеге асатын болады.

Мәміле бойынша біріккен букраннерлер ретіндегі қызмет үшін мандатты ТұранӘлем банкі Credit Suisse мен JP Morgan инвестициялық банктеріне берді.

Дисклеймер.
Аталған құжатта көрсетілген облигациялар Құнды қағаздар туралы 1933 жылғы АҚШ Актісіне сәйкес тіркелген жоқ және тіркелмейді және ол белгілі бір ерекшеліктерге арналған зат болып табылады, құнды қағаздар туралы Актіге сәйкес тіркеу талаптарынан босатылуға жататын жағдайларды қоспағанда олар сатуға ұсынылмайды, АҚШ-та немесе АҚШ азаматтары үшін сатылмайды( құнды қағаздар туралы Актілер бойынша реттеуші құжаттарда анықталғандай).Облигациялар құнды қағаздар туралы Актілер бойынша 144А ережеде анықталғандай, 144А ережеде талап етілетін тіркеуден босатылу ескеріле отырып АҚШ-та тек «маманданған институциональды сатып алушыларға» сатуға ұсынылып және сатылуы мүмкін. 144 А Ережеге сәйкес құнды қағаздар туралы Актінің 5 секциясында көрсетілгендей, әлеуетті сатып алушыларға облигацияларды сатушылар провизиядан босатылуы мүмкін екендігі ескертілді. Аталған құжаттағы ақпарат сату жөніндегі ұсынынысты немесе сатып алу жөніндегі өтінішті қабылдауға жатпайды, сондай-ақ кез келген құқықтық өкілеттердің осы құжатында көрсетілгендей осындай ұсыныс немесе сату ол тіркелгенге дейін немесе тіркеуден немесе біліктіліктен босатылғанға дейін түрлі құқықтық өкілеттіктердегі құнды қағаздар туралы Заңнамаға сәйкес заңсыз болып есептелетін қандай да бір облигацияны сатуды жоспарламайды .

«ТұранӘлем Банкі» АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. 20.12.2006 жылғы жай-күйі бойынша ТӘБ активтері 12,8 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта кәсіпке несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2006-2015 жылдарға арналған банктің стратегиялық мақсаттары қатарына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта кәсіп пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымын нығайту және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде – 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді. Банктің активтерін біріктіріп, оны 2010 жылға дейін 25 млрд., ал 2015 ж. 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр.

TuranAlem Finance B.V. (Netherlands) – Голландияда 2001 жылы 22 мамырда негізі қаланған жауапкершілігі шектеулі еншілес компания. Оның негізгі қызметі халықаралық нарықтарда ТӘБ үшін несие алуға көмектесу.