Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТӘБ қорытынды жасады және қаржыларды тарту жоспарларын мәлім етті

03.01.2007 / Баспасөз орталығы

Бүгін ТұранӘлем банкінің басқарма төрағасының орынбасары Роман Солодченко 2006 жылғы халықаралық қаржы нарығындағы қаржы тартудың алдын ала жоспарларына қорытынды жасады және 2007 жылға арналған жоспарлар туралы хабардар етті.

Банкир 2006 жылы банк 1. 421 АҚШ долларына синдикатталған қарыздар алғанын атап өтті. Олар: 110 млн., доллар Азиялық қарыз, 200 млн., доллар Мударабтың Исламдық қарызы және 1, 111 млн., доллар Ғаламдық синдикат болатын. Сонымен қоса банк 400 млн доллар (гибридтік капитал) мерзімі шектелмеген облигацияларды, 250 млн.долларға 7 жылдық бондтар, 200 млн. PLZ –ға 5 жылдық поляктың злотасын, 500 млн., Еуроға 5 жылдық еуробондтар, 200 млн. фунт стерлингке 3 жылдық және 20 млрд. йенге 10 жылдық орналастыруды жүзеге асырды.

2007 жылы банктің менеджменті шетелдік банктерден шамамен 1 млрд.-қа жуық USD және капитал нарығынан шамамен 2 млрд.-қа жуық USD көлеміндегі синдикатталған қарыздар тартуды ұйғарып отыр. «Біз банктің сенімді өркендеуін және ТМД елдерінде ауқымды стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында сыртқы нарықтардан қарыз тартуды жалғастыруға мәжбүрміз. Алайда біз депозиттер үлесін тартылған қаржылар көлемімен 35 пайыз деңгейінде сақтаймыз,» - деді Р. Солодченко.

Жуық арадағы облигацияларды АҚШ долларымен 144А форматында орналастыру қаңтар айына жоспарланып отыр. Нью-Йорк, ЛосАнжелес, Бостон, Лондон қалалары бойынша роуд-шоу 4 қаңтарда басталады.Орналастыру қолданыстағы (Global Medium Term Note) бағдарлама аясында жүзеге асқалы отыр. Мәміле ұйымдастырушылары Credit Suisse мен JP Morgan инвестициялық банктері.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2006 жылдың соңына қарай 15 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем банкінің 2015 жылға дейінгі жаңа стратегиясына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымын нығайту және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде – 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді. Банктің активтерін біріктіріп, оны 2010 жылға дейін 35 млрд., ал 2015 ж. 55 млрд.АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр.