Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкінің Қазақстандағы екінші Western Union аударымдар бойынша мамандандырылған орталығы ашылды

19.01.2007 / Баспасөз орталығы

Бүгін ТұранӘлем банкінің Қазақстандағы екінші жедел халықаралық ақша аударымдары бойынша мамандандырылған Western Union орталығы ашылды. Ақша аударымдарымен екі оператор айналысады. Клиенттерге менеджер-кеңесші көмектеседі. Аударым 3-4 минут ішінде, кезексіз жүзеге асырылады. «Бірінші орталықты ашу тәжірибесі клиенттерге арналған мамандандырылған пункттердің ашылуы банк үшін де, WU жүйесі үшін де ортақ тиімділігін көрсетті. Біздің нарықтағы үлесіміз 13 пайыздан 22 пайызға артты , аударымдар саны екі есеге ұлғайды», - деп атап өтті банктің бөлшек сауда блогының бас менеджері Айнұр Күнқожаева.

ТұранӘлем банкінің Western Union ақша аударымдары бойынша 216 пункті жұмыс істейді. Оның 30-ы Алматы қаласында орналасқан. Ақша аударымдары бойынша ТӘБ-нің нарық үлесі 2006 жылдың қараша айында Қазақстан бойынша 22 пайызды, ал бір жыл ішінде жіберілген ақша аударымдарының жалпы саны – 54 152-ге жетті, бір аударымның орташа сомасы – 800 доллар. Western Union ақша аударымдары бойынша ТұранӘлем банкі 2000 жылғы 30 қарашадан бастап халыққа қызмет көрсете бастады.

Western Union халықаралық жедел ақша аудару жүйесі кең тараған және 195 мемлекетте жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзі бойынша осы қызмет түрін жедел әрі оңай пайдалануға мүмкіндік беретін 280 000-нан астам қызмет көрсету пункттері бар. Бұл жүйе клиенттерге әлемнің кез-келген қызмет көрсету бөлімшесінен жедел ақша алуға мүмкіндік береді.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2007 жылдың басында 15 млрд., ал банктің меншікті капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. Банктің 2015 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттарына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымын нығайту және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде – 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді. Банктің активтерін біріктіріп, оны 2010 жылға дейін 25 млрд., ал 2015 ж. 50 млрд.АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр.