Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ержан Тәтішев қоры және Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерінің ректорлары әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан дарынды студенттерге білім гранттарын беру туралы Меморандумға қол қояды

04.02.2007

2007 жылғы 5 ақпанда дарынды, әсіресе, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан студенттерге білім гранттарын беру бағдарламасы бойынша «Ержан Тәтішев қоры» Қоғамдық Қоры мен ҚБТУ, ҚМЭБИ және UIB ректорлары арасында Меморандумдарға қол қою рәсімі өтеді.

Қол қойылған құжаттарды іске асыру аясында Ержан Тәтішев қоры 3 турдан тұратын байқаудың іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалатын білім гранттарын беруді мақсат етіп отыр. Іріктеудің басты критерилері, ең алдымен, үміткердің көшбасшылық қасиеттерін, оның академиялық білімдері мен табыстарын, сондай-ақ жеке мінездемесін айқындауға бағытталады.

Білім грантын Қор бүкіл оқу кезеңіне береді. Грант көлемі Қордың Қамқоршылық Кеңесімен жыл сайын қаралады және бекітіледі. Білім гранты берілген жағдайда студент, қабылдап жатқан Университет және Қор арасында үш жақты шартқа қол қойылады.

Биылдың өзінде, 2007 жылы, Қордың Қамқоршылық Кеңесімен Бакалавриат бағдарламасы бойынша 6 адам-грант алушы ретінде іріктелетін болады (2 студентті бағдарламаның үш серіктес универститетінің бірінде оқыту жоспарланып отыр). Сондай-ақ 4 студент грант алушы Қазақстаннан , ал 2 адам ТМД елдерінен іріктеледі деген шешім қабылданды.

Меморандумға қол қою рәсіміне қатысатындар:
Айтмағамбетов Марат Темірғалиұлы - Ержан Тәтішев қорының Президенті
Тәтішев Ерлан Нұрілдәйімұлы - Ержан Тәтішев қорының Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы
Бейсембетов Искандер Қалыбекұлы - ҚМЭБИ ректоры
Стивен Грин – ҚМЭБИ студент мәселелері жөніндегі деканы
Гамарник Геннадий Николаевич - UIB ректоры (Халықаралық Бизнес Университеті)

Меморандумға дүйсенбі күні, 2007 жылдың 5 ақпанында, сағат 15.00-де келесі мекенжай бойынша қол қойылады: Жолдасбеков көшесі, 97 (ТӘБ ғимараты, Самал Тауэрс).

«Ержан Тәтішев қоры» Қоғамдық Қоры ТұранӘлем Банкінің топ-менеджерлерінің бастамасы бойынша 2005 жылғы 10 ақпанда тіркелді. Қор үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қорды оның қызметінің стратегиялық мақсаттар мен міндеттерін белгілейтін Қамқоршылар Кеңесі басқарады.