Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстан Президенті Украина Президентін және елдің іскер қауымын ТұранӘлем банкіне зор сенім артуға шақырды

05.02.2007 / Баспасөз орталығы

«Біз ТұранӘлем банкіне зор сенім артатындықтан мен сіздердің де сенулеріңізді өтінер едім», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина басшысы Виктор Ющенко және Украинаның іскер қауымы мен мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінде.

Қазақстан мен Украина елдерінің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Ющенко Украинадағы Қазақстан жылы аясында өткен «Қазақстан — Украина: бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес форум жұмысына қатысты. ТӘБ Украина нарығына 2002 жылдан бері, яғни, оның өкілдігі ашылғаннан бері қатысып келеді. Осы екі жыл ішінде Банк Украинадағы 100 млн. АҚШ долларынан астам жобаларды қаржыландырды.

Бүгінде «ТұранӘлем банкі» АҚ бизнес-жобаларды кеңінен қаржыландыру арқылы Украина нарығындағы өз ұстанымын нығайтуды көздеп отыр.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ өзінің Украина нарығына қатысуын күшейтуді жоспарлап отыр, бұл ТұранӘлемнің басымдықтарының бір болып табылады. Банктің бұл бастамасы Қазақстанның Украинадағы жылы өтіп жатқан 2007 жылмен тұспа-тұс келуі ерекше жағдай. Бұл барлық жүзеге асып келе жатқан екіжақты саудалық-экономикалық байланыстарды, бизнестің екіжақты қатысуын және екі елдің экономикаларындағы капиталдарын нығайтудың тамаша мүмкіндігі болып табылады», — деп есептейді Қазақстан — Украина форум жұмысына қатысқан «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов.

Мұхтар Әблязов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа шетел нарығын игеруде қазақстандық бизнеске қолдау көрсеткені үшін зор алғысын білдірді.

Қазіргі таңда Қазақстан нарығы үшін банк әзірлеген қаржы өнімдері мен технологиялары көрші елдердің нарығында еншілес банктер мен компаниялар жүйесі арқылы таратуда алдыңғы қатарда және ол бәсекеге қабілетті болып табылады.

Атап айтқанда, өзінің стратегиялық серіктесі "БТА Банк" ААҚ-мен серіктестігін дамыту арқылы( 2006 жылдың қарашасына дейін – Украина несиелік-саудалық банкі) ТӘБ өзінің Украина нарығына қатысуын кеңейтуді көздеп отыр. Қазақстан — Украина бизнес-форумына 400-ден астам адам қатысты, ал жоспар бойынша екі елдің іскер қауымдастығы өкілдерінен 150 адам қатысады деп күтілген болатын.

Бизнес- форум аясында қазақстандық бизнесмендер қаржы нарығын, кеденді реттеуші органдармен, сондай-ақ мэри өкілдерімен кездесті.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ қаржы тобына сақтандыру, лизингі, ипотекалық компания, зейнетақы қоры және тағы басқа да қаржы институттары кіреді. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Белорусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ активтері 2007 жылдың басында 15 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. Кейінгі төрт жыл ішінде банктің активтері 8 еседен асып түсті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. Банктің 2015 жылға дейінгі стратегиясына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымын нығайту және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде кем дегенде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде кем дегенде – 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді. Банктің активтерін біріктіріп, оны 2010 жылға дейін 25 млрд., ал 2015 ж. 50 млрд.АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр.

"БТА Банк" ААҚ (Украина) таза активтері 2006 жылғы алдын ала мәліметтер бойынша екі есеге өсіп, 56.9 млн. АҚШ долларын құрады.