Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі мен «ТұранӘлем Секьюритис» компаниясы «2006 жылдың үздік банкі» және «2006 жылдың үздік басқарушы компаниясы» номинациялары бойынша бас жүлдені жеңіп алды

09.02.2007 / Баспасөз орталығы

Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Золотой Алтын» Қоғамдық ұлттық сыйлығының «2006 жылдың үздік банкі» номинациясы бойынша ең жоғарғы сыйлық – бас жүлдені ТұранӘлем банкі жеңіп алды. ТӘБ-нің «ТұранӘлем Секьюритис» еншілес компаниясы «2006 жылдың үздік басқарушы компаниясы» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.

Бас жүлдені тапсырған Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов: «Золотой Алтын» сыйлығы тұңғыш рет тапсырылып отыр. Ұлттық банк банктердің және ТӘБ-нің мөлдірлігіне барынша табандылықпен қол жеткізуде», - деп атап өтті.

«Өткен жылы біз активтерді екі есеге арттырдық, менеджменттің қарқындылығы мен сапасын арттырдық, қаржы бизнесін сырт елдерге әртараптандырудамыз. Клиенттерге бағдар жасау мен жылдамдық арқылы жетістікке жетуге талпына отырып, біз даму стратегиясын жүзеге асырудағы мақсатымызды зор жауапкершілікпен атқарудамыз, - деп ҚР ҰҚ басшысының сөзін қолдады ТұранӘлем банкі басқарма төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский.

Банк, сақтандыру, зейнетақы секторлары, бағалы қағаздар нарығы секторлары, лизинг пен аудит компаниялары араындағы байқаудың Лауреаттарын марапаттау рәсімі 2007 жылғы 8 ақпаны күні Консерваторияның Үлкен концерт залында өтті.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ қаржы тобына сақтандыру, лизингілік, ипотекалық компаниялар, зейнетақы қоры және тағы басқа да қаржы институттары кіреді. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Белорусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ біріктірілмеген активтері 2007 жылдың басында 15 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. Кейінгі төрт жыл ішінде банктің активтері 8 еседен асып түсті. Банктің 2015 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттары қатарына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымын нығайту және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде кем дегенде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде кем дегенде – 5 пайыз нарық үлесін иемдену кіреді. Банктің активтерін біріктіріп, оны 2010 жылға дейін 25 млрд., ал 2015 ж. 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр.
Өткен жылдың қараша айында ТМД кәсіби банк қоғамдастығы мен «Итоги» журналы ТұранӘлем банкін «ТМД-дағы жыл банкі» деп таныды.

1997 жылы құрылған «ТұранӘлем Секьюритис» (TAS)АҚ инвестициялық компаниясы KASE аса белсенді мүшелерінің арасында бірінші орынды иемденеді, оның сауда көлеміндегі үлесі 35,1 пайызды құрайды. 2006 жылы ТұранӘлем Секьюритис 161,7 млрд. теңге көлеміндегі облигация займдарын шығаруды сәтті жүзеге асырды, ол бірнеше қазақстандық ірі компаниялардың акция шығарылымына қатысты. 2006 жылы TAS клиенттерге халықаралық капитал нарығын ұзақмерзімді қаржыландыру бойынша консалтинг пен ұйымдастыру қызметтерін ұсынды және рейтингтік консалтинг бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырды. ТұранӘлем Секьюритис еурооблигациялардың 4-ші шығарылымында батыс елдердің инвестбанктерімен серіктестікті ұйымдастырған алғашқы қазақстандық банк. Клиенттер үшін тартылған қаржының жалпы сомасы 440 миллион АҚШ долларын құрады. Компания клиенттер үшін Қазақстан аумағы мен жақын шетелдерде бизнесті сатып алу мен сату бойынша бірқатар табысты мәмілелерді жүзеге асырды. Компанияның сенімділік басқармасында 14 үлестік инвестиция қорлары бар.

ҚР ҰБ қолдауымен берілетін «Золотой Алтын» сыйлығы « Қазақстан Дегдары» жаһандық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, ол республиканың қаржы нарығын дамытуға, Қазақстанның қаржы ұйымдарына қоғамның сенімін нығайтуға, қаржы компанияларының жұмысындағы ашықтық пен мөлдірлікті ынталандыруға, Ресейдің және Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше басқа да елдердің қаржы дегдарларымен іскерлік қарым-қатынасты арттыруға бағытталған. Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің, Қазақстанның зейнетақы қорлары ассоциациясы, Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясының, Қазақстан Республикасы банктер ассоциациясының, «Эксперт РА» рейтингтік агенттігінің сараптамалық-кеңесімен жүзеге асырылады.
«Золотой алтын» сыйлығының мүсіндемелік нышаны Златоуста қаласындағы (Ресей) «ЛИК» қолданбалы өнер шеберханасында жасалған. Аталмыш шеберхана бокс бойынша Еуропа чемпионатының кубогі сияқты туынды жасауымен де әйгілі.