Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем банкі» АҚ бұқаралық ақпарат құралдарындағы «Грузияның біріккен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ акциясының 91 пайыз мемлекеттік пакетін сатып алғаны жөніндегі ақпараттың жалған екенін мәлімдейді

12.02.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында жиі және асыра айтылып жүрген банктің «Грузияның біріккен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ акциясының 91 пайыз мемлекеттік пакетін сатып алғаны жөніндегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.

2006 жылы ТӘБ ақшалай депозитті салу талабымен Грузияның экономикалық дамуы жөніндегі министрлігі өткізген конкурстық сауда-саттыққа қатысуға банктік қарыздар берген болатын. Сондықтан да БАҚ-да «Грузияның біріккен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ акциясының 91 пайыз мемлекеттік пакетін 90 млн. АҚШ долларына сатып алғаны жөніндегі БАҚ-дағы мәлімдеме нақты емес.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ барлық бұқаралық ақпарат құралдарына бұл ақпаратты жарияларда осы деректерді ескере отырып және алдағы уақытта расталған және тексерілген ақпараттар алу үшін ТӘБ-нің баспасөз қызметіне хабарласу қажеттігін мәлімдейді.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ өкілдіктері Қытайда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ-нің біріктірілмеген активтері 2007 жылдың басында 15 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті.