Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ мен «ТұранӘлем Банкі» АҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

15.03.2007 / Баспасөз орталығы

«Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «ТұранӘлем Банкі» АҚ мемлекет пен жеке бизнес әлеуетін біріктіру жөнінде шешім қабылдап, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан меморандумға Басқарма Төрағасы Альберт Рау, «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Роман Солодченко қол қойды.

Тараптардың серіктестігі мемлекеттік маңызды бірқатар жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Қазірдің өзінде ӘКК-на құрылыс және инфрақұрылымның дамуы үшін 6 млрд.теңге бөлініп отырған Теміртау қаласындағы индустрия паркі (қосалқы станциялар, электр желілері, теміржолдар, автожолдар, су құбырлары, канализация, жылу тораптары) тапсырылып отыр.

«Қазына» ТДҚ» АҚ мен «ТұранӘлем Банкі» АҚ индустрия паркі аумағында металдық және поликристалдық кремниді өндіру жобасын жүзеге асыруға әзірлік үстінде.

Осыған байланысты қазір ӘКК Астана-Шортанды тасжолы бойында үш қызмет орталығы құрылысын салуға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге халықаралық стандарттарға жауап беретін мотель,техникалық қызмет станциясы, жанар-жағар й станциясы, паркинг пен кафе де салынбақ.

Қазір ӘКК жер қойнауын пайдалану саласы бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктестерді іздестіру және таңдау жұмыстарын жүргізуде. ӘКК минералдық-шикізат базасы мыс, марганец, темір, қорғасын, мырыш, көмір, вольфрам, волластонит, тальк, асбест сияқты пайдалы қазба түрлері, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 304 кен орны бар. Қордағы пайдалы қазбалардың жалпы сомасы 160 млрд. АҚШ долларынан асады.

АО НК СПК Сарыарка и АО Банк ТуранАлем подписали меморандум о сотрудничестве

«Біз мемлекет пен жеке бизнес серіктестіктері үшін жаңа мүмкіндіктер ашылғанына аса қуаныштымыз. Біздің «ТұранӘлем Банкі» АҚ-мен серіктестігіміз екіжақты табысты және екі жаққа да пайдалы болатынына сенімдімін», - деді А.Рау құжатқа қол қою сәтінде.

Өз кезегінде Р.Солодченко: «Біздіңше, ӘКК идеясы кең ауқымды инновациялық, экономикалық және әлеуметтік маңызы бар нысандарға тапсырыс беруші - мемлекет серіктестігінсіз және өз ісін дамытып, кеңейткісі келетін жеке бизнессіз жүзеге спайтын кең ауқымды, күрделі венчурлық жобаларды жүзеге асырудағы жаңа, қызықты, және болашағы бар үлгі болмақ», - деп атап өтті.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы №274 Жарлығымен құрылды. ӘКК міндеті - Ақмола, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының экономикасын дамытуға ықпал ету. Мақсаты - мемлекеттік активтерді тиімді басқару және мемлекеттік серіктестік құралдары арқылы аймақтық корпорацияны қарқынды дамыту.Үкімет Қаулысымен ӘКК жарғылық қорын құру үшін бюджеттен 8 280 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазір жер ресурстары, жер қойнауын пайдалану құқықтары, АҚ, мемлекеттік үлеске қатысы бар ЖШС және мемлекеттік мүлікті беру үдерісі жүргізілуде.

ӘКК қызметінің басымдықтары серіктестік принциптері негізінде жасалатын аймақтық жобаларды жүзеге асыру болмақ. ӘКК инвестициялық меморандумына сәйкес басымдық салалары ретінде мыналар таңдап алынды: Ақмола облысы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс индустриясы, туризм мен демалыс, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу; Қарағанды облысы -металлургия мен металл өңдеу, құрылыс индустриясы, энергетика, көлік- логистикалық орталығы (КЛО), тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу, Астана қаласы - құрылыс индустриясы, көкөніс сақтайтын қойма, КЛО, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу. Жобалар төмендегідей қаржыландыру пішіні бойынша жүзеге асырылатын болады: ӘКК 60-тан 600 млн. теңгеге дейін (алайда 49 пайыздан жоғары емес) кәсіпкер 51 пайыз. Бұл салалардағы жобаларды іске асыру үшін 2 млрд. теңге бөлініп отыр.


«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ тобының активтері 2007 жылдың басында 16,3 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы банктің ТМД-дағы активтерін біріктіріп, оларды 2015 ж. 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.