Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен ТұранӘлем банкі 2007 жылғы 26 наурыздан бастап Валют-Транзит банк салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдері төлене бастайтынын хабарлайды

20.03.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 26 наурыздан бастап «ТұранӘлем Банкі» АҚ «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдерін төлей бастайды. «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары салымды қай қалада ашқанына қарамастан, кепілдік берілген соманы ҚР-ның кез келген қаласынан ала алады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өткізген конкурс қорытындысы бойынша ТұранӘлем банкі агент-банк ретінде таңдап алынды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру» туралы заңнамасына сәйкес кепілдендірілген өтемдер барлық жеке тұлғаларға, сонымен бірге жеке кәсіпкерлерге төленеді.

Валют-Транзит Банк салымшыларына кепілдендірілген өтемдер есептелген сыйақысыз салым қалдығы мөлшерінде, әр салымшыға 700 000 теңгеге дейін төленеді.

Депозит бойынша кепілдік берілген өтем теңгемен төленеді. Депозит бойынша кепілдік берілген өтем бойынша шетел валютасымен есеп айырысуда банктің қызметін тоқтатуы туралы сот шешімі өз күшіне енген күнгі нарық курсы бойынша белгіленген валюта бағамы қолданылады.

«Валют-Транзит Банк» АҚ қызметін тоқтататындығы жөнінде Қарағанды қаласының арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2007 жылғы 13 ақпан күні шешім қабылдады, ол 2007 жылғы 1 наурыздан бастап өз күшіне енеді.

Салымшы өтемдер сомасын алу үшін банктік қызмет көрсету шартының және/немесе салым құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмесін, жеке куәлікті, СТН, сондай-ақ жазбаша өтінішті тапсыруы тиіс. Банктің қызметкері құжаттарды тексеріп болған соң, салымшыға салыстыру күні немесе ТұранӘлем банкіне құжаттар түскен күннен бастап бес операциялық күн ішінде депозит бойынша кепілдік берілген өтем төленеді. Қажет болған жағдайда төлем мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Валют-Транзит Банктің салымшылары өз депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді 2007 жылғы 26 наурыздан 2008 жылғы 26 наурызға дейінгі аралықтағы бір жыл ішінде, қалаған уақытында ала алады.

Егер салымшы депозит бойынша кепілдік берілген өтемді өзі ала алмайтын болса, онда өтем сомасы басқа тұлғаға, ата-аналарына немесе кәмелетке толмаған балалардың қамқоршыларына сенімхат бойынша, сондай-ақ заңнамаға сәйкес ресімделген мұрагерлерге тиісті құжаттар бойынша беріледі.

ТұранӘлем Банкінің бөлімшелер желісі арқылы Қор төлейтін кепілдік берілген өтемдердің жалпы көлемі шамамен 16 млрд. теңгеге жуық .

«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына өтемдерді төлеу «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның барлық есеп-айырысу бөлімшелерінде тегін, ешбір комиссиясыз жүргізіледі. «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемдерді төлеу үдерісі сапалы әрі тиімді жүзеге асуы үшін «ТұранӘлем Банкі» АҚ 115-ке жуық мамандандырылған бөлімшелерін жұмылдырып отыр.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 1999 жылы құрылған. Қордың басты мақсаты – депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк өз қызметін тоқтатқан жағдайда салымшылардың құқын қорғау, сондай-ақ банк секторындағы қаржылық тұрақтылықты сақтау.

Бүгінде екінші деңгейдегі 32 банк депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысады. Қор қызмет еткелі бері Көмір-банк пен Наурыз-Банк салымшыларының кепілдік берілген өтемдерін төледі.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2005 жылы ұйымдастырған конкурс қорытындысы бойынша ТұранӘлем банкі агент - банк болып сайланып, «Наурыз Банк Қазақстан»АҚ салымшыларының депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемдерін төледі.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ тобының активтері 2007 жылдың басында 16,3 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы банктің ТМД-дағы активтерін біріктіріп, оларды 2015 ж. 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.