Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Әлемдік деңгейдегі жаңа «Қазақстандық ТұранӘлем филармониялық оркестрі» туған елдегі тұңғыш концертін өткізеді

03.04.2007 / Баспасөз орталығы

Бүгін Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында әлемдік деңгейдегі Қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрінің туған елдегі тұңғыш концерті болып өтті. Оркестр ТұранӘлем банкінің қолдауымен және бүгінгі таңдағы әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиевтің жетекшілігімен Қазақстан өнерінің ең озық үлгілерін насихаттау мақсатында құрылған болатын. Музыканттар 1-бөлімде Э.Эльгараның «Скрипка мен симфониялық оркестрге арналған концертін» орындады (жеке орындауда Марат Бисенғалиев) және 2-бөлімде П. Чайковскийдің «№ 5 симфониясын» орындады.

Дирижері - Бундит Унгрангзи. Концерт оркестрдің Қазақстандағы тұсаукесері аясында ұйымдастырылды. Өзінің орындаушылық шеберлігімен республикамыздағы бүгінгі орындаушылардан асып түсерліктей және әлемнің ең үздік музыкалық ұжымдарымен бәсекелес бола алатындай, мүмкіндігінше толық құрамдағы симфониялық оркестрді құру идеясы «ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Марат Бисенғалиевтің Мәдени қоғамдық қорының «Отандағы концерттер» атты біріккен жобасына дайындық пен концерт кезінде туындаған болатын.

Еліміздегі БАҚ-тың сүйсіне жазған мадақтаулары, көрермен қауымның тамаша әсері мен «Отандағы концерттерге» деген қоғамдық көзқарас «ТұранӘлем Банкі» АҚ басшылығының сәтті басталған жобаны әрі қарай жалғастыруына ғана емес, сонымен қатар Марат Бисенғалиевпен және оның Мәдени қоғамдық қорымен серіктестікті тереңдетіп, дамытуына ықпал етті. Көзделген жобаның алғы шарты мен табыс кепілі оған қатысушылардың мақсатының бір арнаға тоғысуында болды. Қоғамдық қор мен ТМД-дағы ең үздік атанған банктің шығармашылық одағының тамаша, танымал брендті құруы ең алдымен Қазақстан мәдениетінің жетістіктерін ұлықтауға бағытталды.

Толық құрамдағы өз филармониялық оркестрімен өнер көрсету Марат Бисенғалиевтің көптен күткен арманы болатын. Банкпен серіктестік осы армандарын жүзеге асыруына, құрылған оркестрмен қол жете бермейтін бұрынғы әлемдік классикалық музыканың аса көрнекті туындыларын орындауына мүмкіндік берді. Қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрі – менің көптен бергі, асыл арманым. Оның құрылуымен қатар Қазақстанның барлық классикалық музыкасына жаңа кеңістіктер ашылады, әлемдік аса көрнекті туындылар мен отандық классикалық музыканың толық пластын орындауымызға мүмкіндік туады. Алғашында шетелдік орындаушыларды - легионерлерді тартпасақ болмайтыны анық, әзірге онсыз талапқа сай сапа деңгейіне қол жеткізе алмаймыз. Қазақстанның ең озық банкі сияқты құзыретті және сенімді серіктеспен шығармашылық одақ ойлаған жобаның табысты болатынына зор сенімімізді арттыра түседі. Біздің біріккен брендімізді әлемнің жер- жерінде білетін болады, сондай-ақ, ол табысты экономикалық дамуымыздың және Отанымыздың аса бай мәдени дәстүрлерінің тамаша бейнесі болмақ»,-деп мәлімдеді Марат Бисенғалиев.

ТұранӘлем банкінің классикалық музыка әлеміне деген қызығушылығы қазақстандық өнерді әлемдік аренаға ерекше ұсынуынан да байқалады. «ТұранӘлем» оркестрі өзінің алғашқы концертін Лондонда қойды. Еліміздің астанасында және Алматыда әлемнің ең танымал сахналарында өнер көрсетіп, шетелде жұмыс істеп жатқан Қазақстаннан шыққан әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың «Отандағы концерттері» жыл сайын өткізіледі. 2003 жылдан қазақ киносының алтын қорындағы қазақстандық режиссерлердің үздік фильмдерін қайта қалпына келтіріп, насихаттау қаржыландырылып келеді, ал 2006 жылдан бері Б.Атабаевтың бірінші ұлттық «Қыз Жібек» мюзикліне қолдау көрсетіле бастады. Өткен жылы «Мәдени тоғысу: Қазақстан-Грузия» фестивалі ашылды, ал шілде айында банк «Қазақстандағы Грузияның мәдени күндерін» өткізуді көздеп отыр.


Марат Бисенғалиев 1962 жылы Алматыда туылған, оның артистік дебюті 9 жасында басталды. М. Бисенғалиевтің шығармашылық карьерасындағы алғашқы табысы оның “Naxos”, “Marco Polo”фирмаларымен ұзақмерзімді келісімге қол қойуы болды. Оның «Старом Свете» дебюті Англияда, Лондон Симфониялық оркестрі концертімен Барбикан Холлда өтті (Лондон, 1991). Содан соң концерттік өмірінің қызған шағы басталды. Оның компакт дискілері классикалық музыканың халықаралық жүлделеріне ие болды. CD «Wieniawski» Менухин, Цукерман, Венгеров, Циммермандармен қатар әлемдік үздік орындаушылар ондығына кірді. Оркестр жазған CD “From the steppes to the city”, сондай-ақ Қазақстан фольклорын өңдеу жөніндегі “EMI”фирмасында жазылып, миллиондаған таралыммен әлемге таралатын К. Дженкинс әзірлеген Қазақстан мәдениетінің әлемге танылуына қосқан зор үлесі болды. Марат Бисенғалиев – «Тілеп» жобасы идеясының авторы әрі оның негізін қалаушы.

Шығармалар цикліне қазақстандық филантроп Сапар Ысқақов Карл Дженкинске тапсырыс берген болатын. SONY BMG компаниясы жазған туындының тұсаукесері Лондонның ең әйгілі залы - Royal Albert Hall-да, 2006 жылдың сәуірінде өтті.

Бундит Унгрангзи, бес континентте жұмыс істейтін бірінші тайлық музыкант, халықаралық кластағы дирижер, көптеген белгілі дирижерлердің халықаралық конкурстарының лауреаты және жүлдегері. Ол әйгілі Бесанкон (Франция,1998ж.) конкурсының жартылай финалына қатысушы, Лиссабондағы (1999ж.) жас дирижерлердің халықаралық байқауының жеңімпазы, Венгер радиосы мен телевидениесінің (Будапешт,2002ж.) халықаралық байқауында 20 елден келген 37 дирижердің ішінен 4-орынды иемденген. 2002 жылдың қыркүйек айында Унгрангзи «Мазел-Вилар»(Карнеги Холл, Нью-Йорк) дирижерлердің халықаралық конкурсында әлемдегі 40 елден келген 362 дирижердің ішінен ең үздік дирижер деп танылды. Бундит Нью-Йорктегі «Сэйнт Люк», « Юта симфониялық оркестрі», «Лос-Анджелес филармониялық оркестрі», Венециядағы «Ля Венис» сияқты белгілі оркестрлермен бірге өнер көрсетті және 500-ден астам симфониялық және әлемнің 40 оркестрлерімен бірге опералық концерттерге дирижерлік етті. 2005 жылдың қарашасында Унгрангзи әлемдік деңгейдегі жаңа «Сеулдің филармониялық оркестріне» Бас дирижер ретінде шақырылды және құруға белсене қатысты. Бұған дейін ол Нью-Йорк филармониясының дирижері болып жұмыс істеді, Чарльстоун симфониялық оркестрінің бас дирижері, Юта (АҚШ) штатының симфониялықоркестрінің дирижері, Лос –Анджелестегі ( АҚШ) жас музыканттар қорының музыкалық директоры әрі дирижері, Джеймс де Приста атындағы Орегон симфониялық оркестрінің дирижері болды. Ол бірге жұмыс істеген әлемдік жұлдыздардың арасында мыналар бар: Максим Венгеров, Михаил Плетнев, Джулия Мигенес, Джозеф Алесси, апалы-сіңлілі Лабэг, Пола Робинсон, Кристофер Паркенинг, Кристин Брюэр және Эльмер Бронштейн. 2007 жылғы жоба бойынша Италия, Жапония, Тайланд, Сингапур, Оңтүстік Корея, Дания және Қазақстан елдеріне сапар шегу көзделген.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украинаға , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ тобының активтері 2007 жылдың басында 16,3 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы банктің ТМД-дағы активтерін біріктіріп, оларды 2015 ж. 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.

2002 жылы құрылған Марат Бисенғалиевтің мәдени қоғамдық қоры бірқатар жобаларды жүзеге асырды, қор өз қызметінде ірі отандық компаниялармен әріптестік орната отырып Қазақстан Республикасының мәдени өміріне белсенді араласып келеді.