Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Банктің жарияланған жай акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жазылыс арқылы орналастыру туралы шешім

05.04.2007 / Баспасөз орталығы

Құрметті акционерлер!

"ТұранӘлем Банкі" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Банк), мына мекенжайда орналасқан: Алматы қаласы, Самал-2 ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, 97 үй, осы мәлімет арқылы Банктің Директорлар кеңесімен 3 007 575 (үш миллион жеті мың бес жүз жетпіс бес) дана көлеміндегі банктің жарияланған жай акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жазылыс арқылы орналастыру туралы шешімнің (2007 жылдың 02 сәуіріндегі №3-4 шешім) қабылданғаны туралы хабардар етеді.

Акцияларды алғысы келетін барлық тұлғаларға арналған Банктің акцияларын орналастыру құны бір акция үшін 62 178 (алпыс екі мың жүз жетпіс сегіз) теңге етіп бірдей белгіленген. Банктің орналастырып жатқан жай акцияларының мөлшеріне Банктің орналастырылған жай акцияларының мөлшерінің ара салмағы 1,7831808 құрайды.

Банктің орналастырып жатқан жай акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына ие акционерлердің тізімі 2007 жылдың 2 сәуіріндегі 00 сағат 00 минутқа қарасты құралады. Егер Сіз Банктің жай акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығын пайдалануға өз ынтаңызды білдірген жағдайда, Сізден осы ұсыныс басылымға шыққан күннен бастап 30 күн ішінде тиісті жазбаша өтінішті келесі мекенжай бойынша беруіңізді өтінеміз: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 55 үй, 5 қабат, Аманханова Гүльзира ханымға (тел. +7-327-266-26-67) немесе Нұғыбаев Санжар мырзаға (тел. +7-327-266-43-91).

Сонымен бірге Сізге қажетті Банктің орналастырып жатқан жай акцияларын сатып алу мәселелеріне байланысты ақпараттың барлығын Сіз жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша ала аласыз.