Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Парламентарийлер банкирлермен бірге қаржы секторының Қазақстан экономикасына ықпалы жөніндегі мәселелерді талқылады

09.04.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 9 сәуір күні ТұранӘлем Банкі ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары үшін “Ашық есіктер күнін” өткізді. Қаржы және бюджет комитетінің, сондай-ақ басқа да Мәжіліс комитеттерінің өкілдері болып табылатын парламент депутаттары тобының коммерциялық Банкке осындай сапары Қазақстанда алғаш рет болып отыр.

Сапардың мақсаты – ТұранӘлем банкінің жұмысымен танысу, Банк басшылығымен бірге банк қауымдастығының айқындылық мәселелерін, банк қызметін мемлекеттік реттеу және экономиканың қаржы секторын дамыту мәселелерін талқылау.

“Ашық есіктер күні” бағдарламасы Мәжіліс депутаттарының топ-менеджерлермен кездесуімен басталды. Олар қаржы секторының Қазақстан экономикасына ықпалы, Қазақстанның банктік жүйесіндегі Банктің орны мен рөлі, банктің даму стратегиясы мен оның мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде қатысуы жөніндегі мәселелерді талдады.

«Дөңгелек үстелге» шақырылған Ә. Сәйденов – Ұлттық Банктің төрағасы, А. Дунаев - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы, А. Арыстанов - ҚР Алматы қаласының аймақтық қарж орталығы қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы, Халық банкі, Қазкоммерцбанк, АТФБанк, Альянс банк және Банк ЦентрКредит өкілдері арасында Қазақстанның экономика және қаржы секторын дамыту мәселелері бойынша пікірталас өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде АФК төрағасы С. Аханов сөйледі. Бұдан басқа, депутаттар бағдарлама аясында ТұранӘлем Банкінің Орталық операциялық залы мен бөлімшелерінің қызметімен танысты, ал шағын баспасөз мәслихатында депутаттар мен банкирлер журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

«ТӘБ қызметкерлерінің Қазақстан парламентарийлерімен кездесуі – бұл банк секторының айқындылығы мен оған қол жеткізу мүмкіндігін нығайтуға тағы бір қадам болмақ. Орта мерзімді макроэкономикалық саясат пен республиканы әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікірталастар өткізу банктің Мәжіліспен және мемлекеттік реттеуші органдармен тиімді ынтымақтастығының басты бағыттарының бірі бола алады», - деді «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ-де жұмыс істейді. ТӘБ тобының активтері 2007 жылдың басында 16,3 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. Банктің активтерін біріктіріп, оларды 2010 жылға дейін 25 млрд., 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.