Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"Alles Walzer" – "Бәрі вальс билейді!"

17.04.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 14 сәуір күні Алматыдағы Салтанат Үйінде алғаш рет Вена балы өткізілді. Мұндай салтанат алғаш рет ұйымдастырылды. Оның бас демеушісі «ТұранӘлем Банкі»АҚ.

Балдың Құрметті Комитетін Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Вена бургомистрі Михаэль Хойпль басқарды. Мәдени шараны балдың бас танцмейстері, Дүниежүзілік би федерациясының вице-президенті Станислав Попов ""Alles Walzer" – "Бәрі вальс билейді!"деген сөзбен ашты.

Салтанат Үйінің Үлкен залы Вена үлгісі – табиғи гүл шоқтарымен көмкерілді. Кешкі сегізде ол Балдың бес жүзден астам қонақтарына – саясаткерлер мен дипломаттарға, мәденит пен ғылымның белгілі өкілдеріне және Қазақстанның, Австрияның, Ресейдің және басқа да елдердің іскер ортасының өкілдеріне өз есігін айқара ашты. Олардың барлығы музыка тыңдап, би тамашалаумен бірге пайдалы іскерлік қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік алды.

Алайда Вена кешінің басты оқиғасы осыдан он жыл бұрынғыдай, Штраус вальсіне және Карла Цирдің музыкасына 48 жұп –дебютанттардың : ұзын, ақ көйлектер киген жас қыздар мен фрак киген жігіттердің ортаға шығуы болды. Жастар өздерінің алғашқы балдарына Қазақстанның би өнерінің ең үздік жаттықтырушыларымен екі ай бойы дайындалды. Балдың симфониялық оркестріне Ресейдің Халық әртісі Максим Федотов пен Қазақстанның Халық әртісі Төлепберген Әбдірашев дирижерлік етті. Кеште әлемдік эстрада теноры Нейл Шикофф, Вена мемлекеттік операсының солисті Даниэла Фалли, Яков Хан жетекшілік ететін әйгілі "PRO jazz" джаз-бэнда, австриялық эстрада артисі RIK және сопрано әншісі Людмила Зеленка сияқты әлемге әйгілі эстрада жұлдыздары қатысты.

Алғашқы Вена Балын музыка сыншысы, тележүргізуші және Ресей телевиденисі академиясының мүшесі Святослав Бэлза мен қазақстандық белгілі тележүргізуші Баян Есентаева жүргізді.

Нағыз Вена кешіндегі сияқты кешкі сағат онда Вена балының бас аспазшысы Готтфрид Ганстерераның жетекшілігімен аспаздар шеруі басталды. Ол Австриядан келген көмекшілерімен бірге қонақтарға арнап Франц-Иосиф заманындағы императорлық асхана мәзірі бойынша ас әзірледі .

Веналық опера балы – Қазақстанның мәдени өміріндегі айтулы жаңалық екені сөзсіз: Еуропаның императорлар дәстүрі мен қазіргі Қазақстанның ұлттық дәстүрі мен мәдениетін біріктіруге талпыну деп атап өтті классикалық музыка мен би мерекесінде «ТұранӘлем Банкі»АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов -Ұлттық деңгейдегі мұндай шараларды өткізу жаңа және қарқынды дамып келе жатқан мәдени орындардың бірі ретіндегі Алматы қаласының беделін арттыра түсетініне және өнер, қаржы, бизнес пен саясат майталмандары мен қайраткерлерінің әсем қаламызға ерекше назар аударуына себепші болатынына біз кәміл сенеміз, - деп атап өтті Мұхтар Қабылұлы. Классика мерекесі түн ауа аяқталды, жас дебютанттар фокстрот, танго, ча-ча-ча және румбу билерін жалғастырды, ал ұйымдастырушылар Алматыдағы Вена балы Қазақстанның мәдени және қоғамдық өміріндегі жыл сайынғы ең тамаша оқиғалардың біріне айналатынын атап өтті.