Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Алдағы жылдары тұрғын үй нарығын дамытуға нық сенімді «ТұранӘлем Банкі» АҚ Алматы қаласында «Отау» Мамандандырылған Ипотека Орталығын ашты

18.04.2007 / Баспасөз орталығы

Баспана тапшылығы мәселесін шешу үшін Қазақстанға кем дегенде 50 жыл уақыт қажет. Қазақстандағы қазіргі жағдайды дүние жүзінің барлық дамыған елдерінің тәжірибесімен салыстыра келе ТұранӘлем банкінің сарапшылары осындай шешімге келді.

«Бағаның әрі қарай көтерілуіне алғышарттарымыз бола тұра бізде тұрғын үй нарығы бұрынғыдай болмаса да, қарқынды дамитын болады», - деп есептейді ТӘБ сарапшылары ағымдағы жылы Қазақстандағы тұрғын үй бағасы, соның ішінде ірі мегаполис –Алматыда баға 25 пайызға өсетінін жобалай келе.

ТұранӘлем банкінің сарапшылары бұл жағдайды тұрғын үйге деген сұраныстың артуымен байланыстырады: «Қазір елімізде тұрғын үйге деген сұраныс артпаған бір де бір аймақ қалмады, әсіресе Қазақстанның ірі қалаларында».

Бұл мәселені шешуде банктер ерекше рөл атқаруы тиіс. ТұранӘлем банкі банктік қызметтер ұсынуда өз технологияларын жетілдіріп отырады. Халықты барынша тиімді және тез ипотекалық несиелермен қамтамасыз етуде тиімді шарттар жасау шараларының бірі - Алматыда Абылай хан даңғылы, 51 мекен-жайында орналасқан (Мақатаев көш. қиылысы) жаңа «Отау» Мамандандырлған Ипотека Орталығын ашуы.


«Отау» Мамандандырылған Ипотека Орталығы халықты тұрғын үй несиелерімен қамтамасыз етуге маманданған және соған сәйкес баспананы таңдаудан бастап, жылжымайтын мүлікті бағалауды ұйымдастыру, келісім жасасып және мәмілені нотариалдық растауға дейінгі қызметтің кең түрін көрсететін Қазақстан Республикасындағы алғашқы орталық.

Ипотека орталығында заманауи технологиямен жарақтандырылған show room ұйымдастырылатын болады, ол клиенттің жылжымайтын мүлік нарығындағы алуан түрлі ұсыныстармен қашықтықтан танысып және өзіне ұнаған тұрғын үйді таңдауына мүмкіндік береді. Орталықтың банктік қызметтерді ең жоғары деңгейде ұйымдастыруына мүмкіндігі мол, бөлімше аумағында cash-in терминал(түрлі қызметтерді жеткізушілердің пайдасы үшін қолма-қол төлемдерді қабылдау орнату), банкомат және есеп - айырысу кассалық бөлімі бар.

2007 жылдың 23 сәуірінен 23 маусымға дейін банк теңдесі жоқ акция жүргізетінін, ипотекалық несиелер жеңілдікпен берілетінін, яғни,қызмет көрстеудің алғашқы жылында комиссиялар бойынша жеңілдіктер және сыйлыққа сақтандыру жасаатынын атап өтуіміз керек.

ТұранӘлем банкі Ипотека орталығы жұмысы аясында тұрғындардың барлық сұранысына жауап беретін ипотекалық несиелендірудің 15 бағдарламасын жүзеге асырады.Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері :

  • несиені зейнеткерлік жасқа дейін алу. Егер 20 жастағы клиент банкке келетін болса, ол 40 жасқа дейін ипотекалық несие алуы мүмкін;
  • бастапқы жарнасыз несие алу мүмкіндігі;
  • жаңа тұрғын үйге ипотекалық несиені жеңілдікпен алу мүмкіндігі (тұрғын үй берілгенге дейін тек несие бойынша сыйақы ғана төленеді),
  • ипотекалық несиені кез келген уақытта мезгілінен бұрын төлеу мүмкіндігі;
  • ҚР кез келген қаласынан тұрғын үй алуға ипотекалық несие алу мүмкіндігі;
  • басқа банктен алған ипотекалық несиені тиімді шарттармен қайта қаржыландыру мүмкіндігі.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ бөлшек сауданы несиелендіру жалпы портфеліндегі жоғары үлесті сақтауды жоспарлап отыр. 2007 жылдың басында банк берген ипотекалық несиелер 71 млрд. 571 млн. теңгені құрады. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Бүгінде ТӘБ ипотекалық несие портфелі бойынша ЕБ арасында көшбасшылық ұстанымын нығайтып отыр.

Ипотека Орталығының ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімдігінің, Қаржыны қадағалаушы, Ұлттық банктің, құрылыс компаниялары мен риэлтрлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. 06.04..2007ж. ТӘБ тобының активтері 17 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2,2 млрд. АҚШ долларына жетті. Банктің активтерін біріктіріп, оларды 2010 жылға дейін 25 млрд., 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.