Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

20.04.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 19 сәуірде Өскемен қаласында “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Жәнібек Кәрібжанов Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар аймақтағы экономикалық және әлеуметтік-саяси ахуалды бағалап, өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылай отырып, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық пен облыс халқының ықтимал мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін қарастыра келе, қол қойылған құжатта екі жақты ынтымақтастықтың жалпы бағыттарын анықтады.

Атап айтқанда, тараптар металлургия, энергетика және құрылыс салаларында бірлескен ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыратын болып келісті. Бұдан басқа, Банк пен аймақ әкімшілігі бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруға бағытталған инновациялық жобаларды іске асыруды көздейді.

Банк өзінің ШҚО-дағы бизнесін дамытудың басты бағыттары ретінде халықпен жұмысты жандандыру, ең алдымен, ипотекалық және тұтынушылық несиелендіруде, бюджеттік ұйымдар мен коммуналдық кәсіпорындарға арнайы әзірленген тарифтер бойынша кешенді кассалық-есеп айырысу қызметтерін көрсету жұмыстарын белгіледі.

«Меморандумға қол қою Қазақстанның өнеркәсіптік жағынан дамыған аймақтарының біріндегі жақсы инвестициялық ахуалдың дәлелі болса керек. Әрі қарай нақты іс жүзіндегі мәліметтер баяндалатын бұл құжат ақпарат алмасу, республика экономикасының нақты секторына тартылған компанияларға көмек көрсету мәселелері бойынша облыс әкімшілігі мен банкке өзара тығыз іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді”, - деп мәлімдеді құжатқа қол қою рәсімінде Роман Солодченко. Кездесу барысында Р. Солодченко ТұранӘлем Банкінің Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің “Облыстық балалар ауруханасы” КМҚК-ге демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Атап айтқанда, банк арнайы медициналық құрал-жабдықтар – аймақтағы балалардың аллергиялық ауруларын тексеруге, емдеуге және бақылауға арналған ағынды цитофлюорометр құралын сатып алуға қаржы бөлмекші.

Сонымен бірге Тараптар ынтымақтастық кезінде оң нәтижелерге қол жеткізгендерін және ТұранӘлем банкі филиалының аймақтық экономика үшін қосқан ауқымды үлесін атап өтті. 2001 жылдан бері ТӘБ бөлімшелерімен ШҚО-ға жалпы сомасы 119 826 млн. теңгені құрайтын 73183-тен астам несие берілген, тек өткен жылдың өзінде бұл сома 38 697 млн. теңгені құрады.


«ТұранӘлем Банкі» АҚ облыс экономикасының дамуына барынша ықпал ету мақсатын көздей отырып, әртүрлі салалардағы жобаларды қаржыландыруға қатысады. Қаржылық көмек өзара тиімді шарттарда аймақтың келесі аталған бірқатар ірі жобаларына көрсетілді: Қазақстан Республикасындағы алғашқы авто құрастыру зауыты «АЗИЯ АВТО» АҚ құрылысының бастамасы, «БИПЭК АВТО» КТ , «ЛИК» ЖЗҚ КТ, «Меломан» СТ сауда бағыттарын қаржыландыру, «Үлбі металлургия зауыты » АҚ, «Черемшанск құс фабрикасы» ЖШС, «RATING» ЖШС, «Титан» ЖЗҚ ЖШС, «Роял Авто» КТ, «Бона» ЖШС, «Беакрис» ЖШС, «Техавто Автосалоны» ЖШС, «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС, «Шығыс сусындары» ЖШС (бұрынғы Семей Су), «Мирас Фирмасы» ЖШС, «Айя және К» ЖШС және т.с.с. көптеген компаниялар қаржыландырылуда.

Экономика үшін ШОБ дамуының маңыздылығын есепке ала отырып Банк бұл саланы ең басты бағыттардың бірі ретінде айқындады. ШҚО филиалы 2001 жылдан бастап ШОБ субъектілерін жалпы сомасы 58 182 млн. теңгеге қаржыландырды, соның ішінде 2006 жылы – 20 565 млн. теңге көлемінде. 2006 жылы аймақтың аграрлық секторын қаржыландыруға 567 млн. теңге жұмсалды. 2001-2006 жылдары Банкпен жалпы сомасы 15298 млн. теңге болатын жеке тұлғалардың салымдары тартылды. Барлығы 4828 ипотекалық несие берілді, оның 209 –ы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында.

Шығыс Қазақстанның Өскемен және Семей қалаларында “ТұранӘлем Банкі” АҚ-ның екі филиалы жұмыс істейді. Клиенттерге банк өнімдері мен қызметтерінің кең спектрін көрсететін аса ірі есеп айырысу-кассалық желілері бар. Атап айтқанда, облыс бойынша 14 әмбебап бөлімшесі, 19 жеке тұлғалар бөлімшесі (ЕКБ) және Өскемен, Семей қалаларында 5 мамандандырылған банк бөлімшесі (ХҚО, БҚО) бар.ШҚО-дағы ТӘБ филиалы клиенттерінің саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 92436 адамды құрады, оның 6363 – заңды тұлғалар, 86073 – жеке тұлғалар.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және БАӘ елдерінде жұмыс істейді. 06.04 2007ж. қарасты ТӘБ тобының активтері 17 млрд., жиынтық меншікті капиталы 2,2 млрд. АҚШ долларын құрады. 2007 жылы ТМД-дағы банк активтерін біріктіріп, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.

ТұранӘлем банкі соңғы екі жылдың өзінде бірнеше марапаттарға ие болды. «Еuromoney» журналымен “Орта Азиядағы үздік банк”, "ТМД-дағы үздік банк» және «Дамушы нарықтардағы үздік қарызгер», ТМД-ның банктік қоғамдастығымен "ТМД-дағы жыл банкі», ал The Banker журналымен Қазақстандағы “Жыл Банкі 2005” деп танылды. ТұранӘлем банкіне Қазақстанның Ұлттық Тұтынушылар Лигасы екі мәрте “Мінсіз банк” атағын берді. Ұлттық “Саф Алтын” қоғамдық сыйлығы бойынша “2006 жылғы Үздік банк" номинациясындағы “Гран При” де банктің еншісіне тиді.