Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

24.04.2007

Алматы қаласы, 050051, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков к, 97, мекен-жайында орналасқан «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамы 23.04. 2007ж. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлайды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2007 жылғы 25 мамыр күні 10 сағат 30 минутта өтеді, акционерлерді тіркеу сағат 10.00-де, мына мекен-жай бойынша басталады: Алматы қ, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, 97, А блогы, 2 қабат, конференц зал.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқы бар акционерлер тізімі 2007 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша құрылды.


«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінде мына мәселелер қаралады:

  1. «ТұранӘлем Банкі» АҚ жылдық қаржылық есеп беруін бекіту;
  2. «ТұранӘлем Банкі» АҚ өткен қаржы жылындағы таза кірісінің бөліну тәртібін және қоғамның бір жаңа акциясы есебімен жыл қорытындысы бойынша дивиденд көлемін анықтау.
  3. «ТұранӘлем Банкі» АҚ жаңа редакциядағы Жарғысын бекіту.
  4. Есептік комиссия құрамын бекіту.


Жиналым болмаған жағдайда акционерлердің жиналысы 2007 жылғы 27 мамыр күні 10 сағат 30 минутта мына мекен-жайда: «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков к, 97, А блогы, 2қабат қайта өтетін болады. Акционерлерді тіркеу сағат 10.00-де басталады.

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша акционерлер мына мекен-жайға хабарласа алады:Алматы қ, Қонаев к, 66, 113 каб, тел. 8 (3272) 250 53 34.