Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Назар аударыңыз! Банк карталарындағы алаяқтықтың жаңа түрі - электронды емес фишинг

25.04.2007

ПИН-кодты енгізу операциялары кезінде аса сақтық қажет. Өйткені алаяқтықтың жаңа түрі - электронды емес фишингтің еріксіз құрбанына айналуыңыз мүмкін. «Дәстүрлі» фишингте интернетті пайдаланушыларды веб-сайтқа кіруге шақырған электронды хаттар жіберіледі, олар түрлі фирмалар мен банктердің электронды коммерциясының сайттарына ұқсайды, бірақ несиелік карточкалардың нөмірін білу мақсатында оларды алаяқтар құрған және бақылап отырады. Электронды емес фишинг нұсқаларында саудалық қызмет көрсету кәсіпорындары құрылады немесе бұрыннан қызмет етіп келе жатқандары пайдаланылады.

Алаяқтықтың мұндай түрі алғаш рет туристік мерзімде Қазақстанның көптеген туристері демалуға аттанатын Түркия елінде анықталды. Олардың көбісінің банктік карталары бар және қолма-қол ақшаны алу қажеттілігі жиі-жиі туындайды. Алайда Түркиядағы банкоматтардың саны туристердің сұранысын қанағаттандыра бермейді. Көбінесе олар қонақ үй маңында орналаспаған, кейде олар жұмыс істемейді, болмаса ақшаны белгілі бір мерзімде ғана береді, бұл әрине карточка ұстаушыны қанағаттандырмайды. Осыған байланысты Түркияда жаңа қызмет түрі – қолма-қол ақшаны сауда кәсіпорындарынан алу енгізілді. Оларды көбіне post-office (пошта бөлімшесі) деп атайды. Картаны ұстаушылар үшін бұл әдіс бұрынғыдай ақшаны банктердің қолма-қол ақша беру нүктелерінен алумен бірдей. Негізінде бұл халықаралық төлемдер жүйесінің ережесіне сәйкес емес және банктердің қолма-қол ақша беру пункттерінен өзгешелеу. Картаны шығарған банк-эмитент үшін мұндай операциялар дүкендегі жәй сауда жасаумен бірдей, ал сауда кәсіпорындары алдауы мүмкін .

Осылай ақшаны алатын кезде ұстаушының өз ПИН-кодын енгізуін сұрайды, оның дұрыстығын банк-эмитент тексеруі қажет . Бірақ ПИН эмитентке жіберілмейді, ПИН-ПАД-қа ұқсас (ПИН-кодтарды енгізуге және оны құпия сақтауға арналған сауда терминалының қосымша үлгісі ) құрылғының көмегімен алаяқтар жазып алады. Түркиядан оралған картаны ұстаушы белгілі бір уақыт өткеннен кейін өзінің банктік картасының есепшоты бойынша көшірмеден өзі алмаған, алайда банкоматтарда алынған операцияларды көруі мүмкін.

Түркияға демалуға барарда «ТұранӘлем Банкі» АҚ ПИН-кодты енгізуде өте сақ болуыңызды сұрайды. Оны тек қана банкоматтарда және қолма-қол ақша беру пункттері бар банктерде ғана қолданыңыз. Қолма-қол ақша беру пункттері – бұл жәй дүкен немесе сауда нүктесі емес, тауар саудасынан бөлек пластикалық карта бойынша ақшаны қолма-қол ақша берумен айналысатын банк мекемесі екеніне көз жеткізіңіз.