Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Emirates Bank Group екіжақты ынтымақтастық жөнінде келісім жасады

08.05.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Emirates Bank Group исламдық қаржыландыруды дамыту әрекетін біріктіру мақсатында екіжақты ынтымақтастық жөнінде келісім жасады.

Тараптар Орталық Азия аймағындағы жеке меншік бизнестің исламдық қаржыландыру үлгісін қолдануға қызығушылығын, сондай-ақ аймаққа исламдық қаржы институттарының ерекше назар аударып отырғанын жоғары бағалап, қол қойылған құжаттағы екіжақты серіктестіктің ортақ бағыттарын белгіледі.

Тараптардың серіктестігі исламдық банктік және қаржы өнімдерінің Қазақстан, сондай-ақ ТМД елдерінің нарығында ілгері дамытуды қамтиды.

Серіктестік табысты дамыған жағдайда тараптар келешекте аймақта біріккен қаржы институтын ашу мүмкіндіктерін де қарастырады.

Бұл меморандумға «ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Emirates Bank Group Алматы қаласында 7-8 мамыр аралығында өткен «Ислам банкингі және Қазақстандағы қаржы» халықаралық конференциясы аясында қол қойды.

«ТұранӘлем банкі қай кезде де өз жұмысында озық инновациялық технологиялар мен үздік халықаралық тәжірибені қолдануымен ерекшеленеді. Исламдық банкингтің ислам елдерінде ғана емес, әлемге кеңінен таралуын ескере отырып, біз бұл саланы назардан тыс қалдыра алмадық. Бұл секторға республика ішінде, сондай-ақ ислам институттары тарапының әлеуетті қызығушылығын зерттеу барысында біз көп ұзамай-ақ Emirates Bank Group сияқты сенімді серіктес таптық. Бұл жоба тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ көрші елдерде де зор сұранысқа ие болады деген сенімдемін», - деп атап өтті «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко.

Қол қойылған құжат жөнінде мәлімдеме жасаған Emirates Islamic Bank бас менеджері (Emirates Bank Group бөлімі) Абдолла Шовайтер өз кезегінде: «Emirates Bank Group ТМД елдерін, әсіресе Қазақстанды біздің тобымыздың бизнесін дамытуда маңызды рөл атқаратын, мол үміт күттіретін және болашағы зор аймақ деп есептейді. Ислам Банкингі мүмкіндіктерін зерттеуде Қазақстандағы көшбасшы банктердің бірі – ТұранӘлем Банкі біздің серіктесіміз болатынына аса қуаныштымыз. Біз бұл серіктестіктің екіжақты тиімді болатынына және біздің жобамыз оң нәтиже беретініне сенімдіміз»,-деп атап өтті.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ тобының активтері 06.04.2007 жылы 17 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2,2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін біріктіріп, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.

Үстіміздегі жылы өзінің 30 жылдығын атап өткелі отырған Emirates Bank Group БАӘ-дегі көшбасшы қаржы конгломераттарының бірі болып табылады. Оның штаб-пәтері Дубай қаласында орналасқан. Emirates Bank Group – Сауд Аравиясында өз филиалын ашқан БАӘ-дегі тұңғыш банк. Топ Бейрут Банкінде 10 пайыз үлесі бар және Әл Баракадағы Банкинг топтың стратегиялық акционері болып табылады. Банктің сондай-ақ Лондонда офисі және Үндістан, Иран мен Сингапур елдерінде репо офисі бар. Конгломерат негізінен әмбебап, инвестициялық және бөлшек сауда банкингіне қатысты қызметтерді көрсетуге арналған. Алдағы уақытта осы аймақта ірі қаржы институтын құру мақсатында Emirates Bank пен Дубайдың Ұлттық Банкі бірігеді деп күтілуде. Дубай қаласының 2015 жылға арналған даму стратегиясына сәйкес осындай шешім қабылданды. Екі қаржы институты жеке тұлғалар мен институционалдық инвесторларға ішкі, сондай-ақ халықаралық нарықта қызмет көрсетуге арналған банктік қызметтің кең түрін ұсынатын қаржы институтын құруды жан-жақты күшейтіп, жинақталған тәжірибені қолдануды көздеп отыр.