Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қаржы және экономика саласындағы мамандарының назарына

13.05.2007

«Ержан Тәтішев қоры» Қоғамдық Қоры Қазақстан-Британ Техникалық Университеті жанындағы Халықаралық Экономика Университетімен және де Лондон Экономика және Саяси Ғылымдар Мектебімен бірлесе отырып, 2007 жылдың 6-7 маусымында қаржылық және экономикалық мамандықтар үшін лекциялар циклын ұйымдастырады. Тақырытары:

  1. ЕО елдерінің жеке тұлғаларына арналған банктік қызметтер нарығын құру
    Қатысушылар Еуропалық Одақтың жеке тұлғаларына араналған банктік қызметтердің ортақ нарығын құру, сондай-ақ жойылуы тиіс кедергілер жайында түсінік алады, атап айтқанда, елдер арасындағы төлемдер жүйесі даму сатысында тұр және қазіргі уақытта халықаралық төлемдер саласында жұмыс істейтін бар-жоғы бірнеше ғана бірлескен компания бар. Бірақ та мұндай консолидация (шоғырландыру) тұтынушылар үшін тиімді болады ма?

    Өткізу күні: 6 маусым 2007 ж. сәрсенбі
    Уақыты: 14.30-16.00
  2. Банктік қызметті реттеу және банктерді корпоративті басқаруБұл лекция корпоративті басқару мәселелерімен таныстырады және оның банктер үшін (өзінің салымшылары мен акционерлерінің сенін сақтап қалу үшін) не себепті маңызды екендігін түсіндіреді. Мәселені шешу үшін, банктер өз салымшыларының мүдделерін басшылыққа алулары тиіс.

    Өткізу күні: 6 маусым 2007 ж. сәрсенбі
    Уақыты: 14.30-16.00
  3. Жаһандану, сектордың қаржылық конвергенциясы (жуықтамасы) және корпоративті басқару
    Лекция жаһандану жағдайындағы қаржы жүйесіндегі конвергенция (жуықтама), сондай-ақ гибридті (алуан түрлі) қаржы жүйесі мәселелерін қозғайды. Гибридті жүйе коммерциялық және инвестициялық (әмбебеп) банк ісін құрамдастырушы қаржы конгломераттарынан, сондай-ақ нарыққа бағдарланған капитал, яғни сақтандырудан тұрады. Корпоративті басқарудың «гибридизациясы» түсінігі әлі де зерттелуде.

    Өткізу күні: 7 маусым 2007 ж. бейсенбі
    Уақыты: 15.00-17.00

Лекцияларды Бирмингем Бизнес Мектебінен шақырылған профессор ЭНДРЮ МУЛЛИНЬЮ (Andrew Mullineux) оқиды.

Лекциялар орыс тіліне синхронды аудару арқылы ағылшын тілінде өтеді.

Өткізу орны: Қазақстан-Британ Техникалық Университеті, № 3 зал, 4 қабат, кіру Төле би көшесі жағынан (Абылай хан көш. қиылысы).

Лекцияға қатысуға қазақстандық жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және қаржы-экономикалық мамандықтарының студенттері, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік және жеке меншік қаржы мекемелерінің қаржы мамандары шақырылады.

Лекцияға қатысуға ниет білдірушілер тіркеу формасын толтырып, оны не «мастер класс» белгісімен < a href="mailto:s_sultanbekova@bta.kz">s_sultanbekova@bta.kz электронды пошта бойынша, не +7 327 266 34 94 факсы бойынша жіберулері тиіс. Тіркеу нысандарын қабылдаудың соңғы күні – 2007 жылдың 1 маусымы. Орындар саны шектеулі.

Осы хабарландырудың электронды нұсқасын Ержан Тәтішев Қорының www.tatishevfoundation.com сайтынан таба аласыздар

Қор қатысушылардың келуіне және тұруына байланысты шығындарды өтемейді.

Профессор Эндрю Муллинью ((Andrew Mullineux)

Эндрю Муллинью – Жаһандық Қаржылар саласындағы Профессор және Бирмингем Бизнес Мектебінің Қаржылық бөлімшесінің Басшысы. Ол – монетарлық саясат және бизнес циклдар, қаржы секторын қайта қурылымдау және нарықтық экономика реформалары жөніндегі жарияланымдардың авторы. Қазіргі таңда профессор Муллинью «Қаржы секторының корпоративті басқарудағы рөлі және банктерді корпоративті басқару» тақырыбында жұмыстар жүргізуде. Оның Иордания, Вьетнам, Түркия, Танзания және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қаржы секторына қатысты оқу курстарын жүргізу және/немесе кеңес беру тәжірибесі бар.