Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Маңғыстау облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

18.05.2007

2007 жылғы 17 мамыр күні Ақтау қаласында “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Маңғыстау облысының Әкімі Қырымбек Көшербаев Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың басты бағыттарынан мұнай-газ, энергетика және құрылыс салаларында, сондай-ақ бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруға бағытталған инновациялық жобаларды жүзеге асыру белгіленді.

Сондай-ақ, халықпен жұмысты жандандыру үшін, негізінен ипотекалық және тұтынушылық несиелендіру, бюджеттік ұйымдар мен коммуналдық кәсіпорындарға кешенді кассалық-есеп айырысу қызметтерін көрсетуде арнайы тарифтер әзірленетін болады.

«Жасыратыны жоқ, Маңғыстау облысы Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызды аймақтардың бірі. Меморандумдағы ережелердің іс жүзіне асуы ақпарат алмасу, республика экономикасының нақты секторына қатысатын компанияларға көмек көрсету бойынша облыс әкімдігі мен банктің өзара тығыз қарым-қатынас жасауына септігін тигізеді. Бұл жүзеге асырылу барысында тәжірибе жүзінде толықтырылатын негіздемелік құжат» , - деп мәлімдеді Роман Солодченко құжатқа қол қою рәсімінде.

Сондай-ақ кездесуде тараптар әріптестік арқылы қол жеткен жетістіктерді және ТұранӘлем банкінің бұл аймақтың экономикасына қосқан зор үлесін атап өтті. 2003 жылдан бері Маңғыстау облысындағы ТӘБ бөлімшелері тарапынан жалпы сомасы 19,34 млрд. теңге несие берілген, тек өткен жылдың өзінде ол 7,39 млрд. теңге соманы құрады. “ТұранӘлем Банкі” АҚ басты мақсаттарының бірі корпоративтік клиенттер мен олардың бизнесі үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады. ТӘБ мұнай-газ операторларының мердігерлерімен және субмердігерлермен қарым-қатынасын қарқынды дамытуда. Мұнай Операторы-Банк-Мердігер арасында үшжақты өзара іс-қимылы тараптар арасындағы өзара іс-қимылын барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұнай-газ операторларының қазақстандық компанияларды инвестициялаудағы тәуекелдерін азайтып, жобалар бойынша мердігерлер мен субмердігерлер жұмысының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мердігерлік компаниялар жобаларды жүзеге асыруда қажетті қаржы мен банк тарапынан кәсіби қаржылық кеңестер ала алады. Осы алғышарттардың бәрі жобалардың белгіленген мерзімде жүзеге асуына септігін тигізбек.

Екіжақты тиімді шарттар бойынша банк тарапынан аймақтағы бірқатар мынадай ірі жобаларға: мұнай-газ саласы кәсіпорындарын қаржыландыруға - «Қаражамбасмұнай», «MobilEx Energy» ЖШС, «Хазармұнай»ЖШС, көлік саласы бойынша - «Ақтау Халықаралық Теңіз Сауда Порты» РММ, «Ақтау Кеме жүзетін Қызмет көрсету Агенттігі», «Мағаш» компаниясының Ақтау қаласынан жаңа нан зауыты мекемесі мен сауда кешенін ұйымдастыруына, «Ақтау жұлдыздары» тұрғын үй кешенінің, жаңа бес жұлдызды «Grand Viсtory» қонақүйінің, «АРС» жиһаз орталығының, "Жігер"сауда кешенінің, «Aktau Motors» ЖШС автосалонының (дистрибьютор «Toyota Motors») құрылыстарына қаржылық қолдау көрсетілді.

Экономика үшін ШОБ-ін дамытудың аса маңызды екенін ескере келе, банк бұл секторды басты секторлардың бірі ретінде белгіледі. «ТұранӘлем Банкі» АҚ Маңғыстау филиалы 2003 жылдан бері шағын және орта бизнесті қолдау үшін ШОБ субъектілерін 12,97 млрд. теңге сомаға қаржыландырды, соның ішінде 2006 жылы 5,22 млрд. теңге бөлінді; тұрғындарға 6,41 млрд. теңге сома несие берілді, соның ішінде 2006 жылы 2,18 млрд. теңге бөлінді.Маңғыстау облысындағы ТӘБ филиалы өз қызметін 1999 жылдың 17 наурызында бастады. Бүгінгі таңда 3 бөлшек сауда, 2 әмбебап бөлімшелер мен Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған 2 орталық клиенттерге банктік өнімдер мен қызмет көрсетудің кең ауқымын ұсынады. Клиенттерге қызмет көрсетуді ұлғайтып және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін 2007 жылдың екінші жартысында облыс бойынша тағы төрт ЕКБ ашу жоспарланып отыр. Экономиканың жалпы өсімі нәтижесінде халықтың нақты кірісінің көбеюі түсетін кірістер мен шығыстарды жоспарлауға мүмкіндік беріп, карточкалық бизнестің артуына септігін тигізді. Банктің 111 клиент кәсіпорындарына жалақы жобасы бойынша қызмет көрсетіледі. Филиалдың тармақталған банкоматтар жүйесі – 24 банкоматы бар (жылдың аяғына дейін 36-ға жеткізу жоспарланып отыр), олар аймақтың әр жерінде орналасқан.

ТӘБ Маңғыстау филиалы клиенттерінің саны 2007 жылдың 1 мамырында 21743-ке жетті, оның 2177-сі заңды және 19566-сы жеке тұлғалар.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 2007 жылдың І жартысындағы қорытынды бойынша банк активтері 17,0 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2,2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. ТұранӘлем банкінің 2015 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегиясы ТМД-ның барлық қаржы нарықтарында жұмыс істеуді қамтиды. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.

Халықаралық Standard & Poor's/ Moody's/ Fitch Ratings рейтингілік агенттігі берген жоғарғы рейтингілер BB позитивті /Baa+ тұрақтыBB+ позитивті болып топтастырылады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде еншілес банктер желісі арқылы өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын кеңейтеді. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия мен Арменияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыған дәлел.

Соңғы екі жылдың өзінде ТұранӘлем банкі көптеген марапаттарға ие болды. ТӘБ тобы белгілі британдық «Euromoney» қаржы басылымының марапатына ие болды. Сарапшылар банкті: «ТМД-дағы үздік банк», «Орта Азиядағы үздік банк», «Дамушы рыноктардағы үздік несиегер», дамушы Еуропа нарықтарындағы корпоративтік басқару бойынша көшбасшы банк, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы ең тиімді басқарылатын банк деп таныды.

«The Banker» журналы ТӘБ-ін Қазақстандағы «2005 жылдың үздік банкі»деп атады. Қазақстан Тұтынушыларының Ұлттық Лигасы банкті екі мәрте «Мінсіз» сапа белгісімен марапаттады. Банк «Саф Алтын» қоғамдық ұлттық сыйлығының «2006 жылдың үздік банкі» номинациясы бойынша Гран-приге иегері.

ТұранӘлем банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиал мен 208 есеп айырысу-кассалық бөлімі), сонымен бірге аймақтарда тармақталған инфрақұрылымдары(халыққа қызмет көрсету орталығы, есеп айырысу-кассалық бөлімі, банкоматтары) бар.