Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ негізгі қаржы көрсеткіштерінің өскенін жария етті

24.05.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша ТұранӘлем банкінің активтері жыл басынан бері 18,5 пайызға өсіп, 19,4 млрд. долларды құрады, нәтижесінде активтер бойынша ТӘБ-нің нарықтағы үлесі 24,6 пайызды құрады. Негізгі көрсеткіштер 2007 жылдың 1-тоқсанының соңында активтердегі үлесі 66,5 пайызды құраған банктің несиелік портфелінің өсуімен байланысты. 1- тоқсанның соңында шағын, орта бизнес және бөлшек саудаға берілген несиелер барлық несие портфелінің шамамен 40 пайызын құрады.

2007 жылғы 01 сәуірде таза пайда 103 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 1,9 есеге өскенін көрсетеді және пайданың 65 пайызынан тұрады, сыйақы мен комиссия бойынша – 15%, сондай-ақ қазынашылықтың саудалық мәмілесі бойынша -20%-ды құрайды. ROAA 2,17%б, ROE 24% және сost to income 27,6%-ды құрайды.

1-тоқсанда депозиттер көлемі 23,1%-ға өсті. Депозиттер қорландыруды 26,4 пайыз активтермен қамтамасыз етті. 2007 жылдың 1 тоқсанының соңында міндеттемедегі жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 21,1 %-ды , заңды тұлғалар депозиттерінің үлесі 15,5 %-ды құрады. Осылайша ТӘБ депозиттік қорының өсу қарқыны ЕДБ депозиттік қорының өсу қарқынынан 3 пайызға асып түсті.

Халықаралық нарықтардан капитал тарту әлі де болса банк қорының өсуінің негізгі көзі болып табылады. Банк жыл басында жария етілген халықаралық нарықтардан қаржы тарту жоспарын әрі қарай жалғастырады. Аталған жоспарға сәйкес банк жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайтын еурооблигациялар шығару және синдикатталған несиелер арқылы ашық түрде қаржы тартпақ ниетте. Бұл жағдайда банк нарықтағы жағдайды назарда ұстап және нарыққа шығудың қолайлы сәттерін қарастыратын болады, сонымен бірге нарыққа шығуға шешім қабылдауда қаржы тартудың құны банк үшін сыни фактор болып қала береді.

ТӘБ стратегиялық принциптерінің бірі капиталдың теңбе-тең деңгейін қолдау болып табылады. 2007 жылдың 1 сәуірінде ТӘБ-нің меншікті жиынтық капиталы 1,966 млрд. долларды құрады, K1 капиталдың толықтылығының коэффицент деңгейі 12,22%, ал K2 - 13,99%-ды құрады.

2007 жылдың ақпанында банктің акционерлері қазіргі акционерлер арасынан акцияның 11 эмиссиясын орналастыру жөнінде шешім қабылдады, оның негізгі бөлігі (1 млрд. долларға жуық) 2007 жылдың 2-тоқсанында орналастырылатын болады. Акцияны толығымен орналастыру 2007 жылдың соңына қарай меншікті қаржының негізгі бөлігінің екі есеге ұлғаюына септігін тигізеді, бұл активтер жоспарланғандай өскен жағдайда капиталға айналған қаржыны теңбе-тең дәрежеде ұстауға және Топтың біріктіру стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


2007 жылдың басында банк Sekerbank T.A.S. түрік банкінің 34 пайыз үлесін сатып алды. 2007 жылдың ішінде Банк ТМД-ның басқа елдеріндегі аффилирленген банктер жүйесін біріктіріп және Қытайдан еншілес банк ашуды көздеп отыр (Батыс Қытай, Үрімші қ.).

Темірбанк акциясының бақылау пакетін сатып алғаннан кейін ТӘБ біріктірілген активтері 2007 жылдың 1 сәуірінде ІКБ активтерінен 2,6 есеге артты, нәтижесінде ТӘБ ТМД-дағы ірі жеке меншік банкке айналды.

Қазақстан бойынша екінші орындағы ірі филиалдық жүйесімен ( 22 аймақтық филиалдар мен 229 есеп айырысу-кассалық бөлімдері) және клиенттік базасымен ТӘБ нарықтың 17,5 пайызын құрайтын клиенттік депозиттер нарығындағы қомақты үлесімен және несие портфелінің көлемділігі бойынша екінші орынды иемденетін Қазақстандағы әмбебап банк болып табылады. Банк барлық іскерлік салалардағы нарық үлесін 25 пайызға дейін арттырып, ішкі ұстанымдарын күшейтуді көздеп отыр.

2007 жылдың сәуірінде халықаралық Euromoney басылымы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ын дамушы Еуропа нарықтарындағы корпоративтік басқару бойынша көшбасшы банк - "Corporate Governance 2006", сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы ең тиімді басқарылатын банктердің бірі - "Best Managed Companies 2007" деп атады.

Банктің негізгі экономикалық және несие көрсеткіштерінің жоғары деңгейде сақталып отырғанын рейтинг агенттіктері қайта растаған банктің несиелік жоғары рейтингісінен көруге болады.

2007 жылдың 17 мамырында Fitch Ratings ТұранӘлем банкінің рейтингін бекітті. (BB+, Позитивті). «ТұранӘлем Банкі» АҚ рейтингілері қажет болған жағдайда Қазақстан өкіметінің қолдауына ие болу ықтималдығын көрсетеді. ТӘБ-нің ҮЭР (үлестік эмитент рейтингі) бойынша шетелдік валютадағы «Позитивті» болжамы тәуелсіз ҮЭР бойынша болжамды көрсетеді. Тәуелсіз рейтинг өскен жағдайда шетелдік валютадағы банктің ҮЭР-сі де өсуі мүмкін. Жеке рейтинг сонымен бірге Қазақстандағы ТӘБ клиенттік базасы, қызметі бойынша жақсы қаржы көрсеткіштері мен банк өтімділігінің қолайлы деңгейін де назарда ұстайды.

2007 жылдың 4 мамырында Moody's шетелдік валютадағы банк міндеттері бойынша бірқатар қазақстандық банктердің, соның ішінде ТӘБ-нің рейтингісін қайта қарауы ықтимал екендігін жариялады. Тек агенттіктің бағалауды қолдау әдістемесін қайта қарауға байланысты ғана ірі және субординацияланған міндеттер қайта қаралғалы отыр. Агенттік банктің шетелдік валютадағы жеке несие рейтингін бұрынғысынша қалдырды (Ba1, Тұрақты).

ТӘБ-нің жоғары деңгейдегі қаржы көрсеткіштері мен тиімді жұмыс істейтін инфрақұрылымы экономикалық дамудың ағымдағы позитивті тренд жағдайында банк үшін айтарлықтай ерекшеоік болып табылады және ол нарықпен қатар өсуге мүмкіндік береді. Банк өнімдердің саны мен сапасын арттырып және банктің табыстылығын арттыру арқылы қазақстандық банктердің құбылмалы жағдайына бейімделуде.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.