Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ 100 млн. АҚШ доллары сомасындағы бес жылдық еуробондтарды өтеді

30.05.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ 2007 жылғы 29 мамыр күні 100 млн. АҚШ доллары сомасындағы еуробондтар шығарылымын өз уақытында және толығымен өтеді.

Еуробондтарды TuranAlem Finance BV (Акцияның 100%-ы ТӘБ-іне тиесілі) компаниясы 2002 жылғы 29 мамыр күні шығарған. Шығарылымның кепілдемешісі ТұранӘлем банкі болды. Бұл қағаздар бойынша сыйақының базалық мөлшерлемесі - 10%, орналастыру бағасы 99,01%-ды құрады.

Шығарылымның Лид-менеджері Deutsche Bank болды.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ —ТМД аумағындағы банк желісін құрудағы ірі банктердің бірі және көшбасшы банк . 2007 жылдың І жартысындағы қорытынды бойынша банк активтері 19,4 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.
ТМД елдерінде және алыс шет елдерде еншілес банктер арқылы өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия мен Армения елдеріне тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыған дәлел. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және БАӘ-де жұмыс істейді.