Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі»АҚ ABN AMRO Bank N.P. қолдауымен тәуекелдіктерді басқару жүйесін жетілдіреді

27.06.2007 / Баспасөз орталығы

Маусым айының басында «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко тәуекелдіктерді басқару бойынша ТӘБ-іне кеңес беру қызметін көрсету үшін ABN AMRO Bank N.P. компаниясымен келісімге қол қойды.

Бұл компания қабылданған ТӘБ даму стратегиясына және Базельдік Комитеттің кейінгі талаптарына сәйкес тәуекелдіктерді басқару жүйесін құруда кеңес беру қызметін көрсету үшін консалтингтік компанияны таңдау бойынша банк өткізген тендерде жеңіп шықты. Тендерге сондай-ақ Marsh LLP, KPMG Janat LLC, Lepus Ltd. сияқты танымал компаниялар қатысты, алайда қатысушылардың ұсыныстарын талдау нәтижелері бойынша Risk Advisory Services of ABN AMRO Bank N.P. таңдап алынды. Таңдау кезінде компанияның нарықтағы осындай қызмет түрлерін ұсынудағы, сонымен қатар банктің өз тәжірибесіне байланысты кең ауқымды тәжірибесі де ескерілді.

Осы келісімді жасаудағы негізгі мақсат – ТӘБ тәуекелдіктерді басқару жүйесіне халықаралық банктегі үздік тәжірибені енгізу, бұл өз кезегінде ТӘБ ішкі бақылау жағдайын жетілдіруге, ортақ корпоративтік мәдениетті жақсартуға, ал келешекте халықаралық нарықтағы ТӘБ имиджі мен рейтингін арттыруға себепші болуы тиіс.

Бұл ТӘБ-нің түрлі халықаралық нарықтарда өз өнімін ұсыну арқылы дамыған халықаралық банкке айналу - стратегиялық мақсатына қол жеткізу ішкі құрылымдағы ТӘБ бөлімдері арасындағы өзара іс-қимылдың, сондай-ақ тәуекелдіктерді басқару жүйесінің артуына әсер етеді деген сөз. Дәлірек айтқанда, тәуекелдіктерді басқару жүйесі мейлінше талданғыш, икемді және шапшаң болуы тиіс.


Банктің белсенді стратегиясы оның түрлі мемлекеттік, заңдық, қаржылық, сондай-ақ басқа тәуекелдерге тап болатынын болжайды. Осыған байланысты Банк өзінің әрбір қадамының ықтимал нәтижелерін кез келген сәтте жете түсінуі үшін тәуекелдіктерді басқару жүйесін анық және егжей-тегжейлі құру маңызды болмақ.

ABN AMRO Bank N.P.-мен келісімдегі шарттарды сақтау аясында ТӘБ-де «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченконың басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына сондай-ақ Банктің несиелік, нарықтық және операциялық тәуекелдіктеріне жауапты Банк бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ осы консалтингті өткізудегі негізгі бастамашы Директорлар Кеңесі Мүшелерінің өкілі кіреді.

Кеңес беру қызметін көрсетудің бірінші кезеңінде тәуекелдіктерді басқарудың әлемдік үздік тәжірибесімен салыстырмалы гэп-талдау өткізу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңді өткізу қорытындысы бойынша талдау нәтижесімен толық есеп беру мен банктегі тәуекелдіктерді басқару жүйесін жақсарту бойынша нақты ұсыным, сондай-ақ Банк басшылығы үшін тұсаукесер әзірлеу жоспарланып отыр. Келесі кезеңдердің міндеті - тәуекелдіктердің түрлі типтері бойынша кепілдемелерді енгізу. Консалтингтің келесі кезеңдерін іске асыру жөнінде шешім бірінші кезеңді орындау нәтижесі бойынша қабылданады.

Қазіргі уақыттың өзінде тәуекелдіктерді басқару процесіне еліктірген Банктің бөлім басшыларымен кеңесшілердің алдын ала бірнеше кездесулері өткізілді және кеңесшілер сұрастыратын ақпараттар жиналуда. Консалтингтің бірінші кезеңінің алдын ала нәтижелері 2007 жылғы қыркүйек айының соңында алынады деп жоспарлануда.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 2007 жылдың І жартысындағы қорытынды бойынша банктің топтастырылған активтері 19,4 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия мен Армения елдеріне тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыған дәлел. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиал мен 244 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).