Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Жапондық ORIX корпорациясы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

27.06.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 20 маусым күні ORIX (Токио) корпорациясының кеңсесінде «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов пен ORIX корпорациясының Президенті Ёшихико Мияучи (Yoshihiko Miyauchi) Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (Альянс жөнінде келісім).

Тараптар алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар мен халықаралық үздік тәжірибелер арқылы біріккен бизнесті дамытуға өзара қызығушылықтарын бағалай келе, қол қойылған құжатта екіжақты ынтымақтастықтың жалпы бағыттарын айқындады.

Атап айтқанда, тараптардың ынтымақтастығы Жапониядағы ТӘБ тобының және Қазақстандағы ORIX компаниясының бизнесін дамытуда екіжақты қолдау жасауды қамтиды. Сондай-ақ, кездесуде тараптар бірлескен жобаларды ТМД елдері аумағында жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Келіссөздер кезінде жапон тарапының өкілдері бұрынғы кеңестік кеңістіктегі жылжымайтын мүлікті инвестициялауға, сондай-ақ приватбанкинг пен лизинг қызметін ұсынуды дамытуға ерекше қызығушылықтарын білдірді.

Сондай-ақ кездесу кезінде тараптар 2005 жылы ORIX корпорациясы «БТА Лизинг» корпорациясының акционері болғаннан кейін басталған (қазір «БТА Орикс Лизинг») екіжақты ынтымақтастық нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктерді зор қанағаттанарлықпен атап өтті. ORIX үшін бұл жоба ТМД кеңістігіндегі алғашқы тәжірибе болып табылады, өз кезегінде жапондық тараптың қазақстандық компанияның акционерлік капиталына бірінші рет қатысуы.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 2007 жылдың І жартысындағы қорытынды бойынша банктің топтастырылған активтері 19,4 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.
ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия мен Армения елдеріне тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыған дәлел. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан мен БАӘ -де жұмыс істейді.
ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиал мен 244 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).

Қаржы қызметтерін ұсынатын ORIX корпорациясы 1964 жылы Жапонияда компания ретінде негізі қаланды және бүгінгі таңда 20-дан астам әлемдік нарықта қызмет етеді. ORIX компаниясы Жапониядағы лизингілік қызметтерді ұсыну нарығын дамытудың пионері болды, нәтижесінде өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсынатын көшбасшы компанияға айналды.
1971 жылы ORIX корпорациясы Гонконгтағы өзінің алғашқы шетелдік кеңсесін ашты және сол кезден бері Солтүстік Америка, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка нарықтарында халықаралық операцияларды дамытып келеді. Бизнестік бағытына лизинг, жалға алу, белгіленген табыспен инвестициялау, авиация мен кеме қатынасын қаржыландыру, ипотекалық несиелендіру мен жылжымайтын мүлікті дамыту бойынша қызмет көрсету кіреді.