Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстанның 30 серпінді жобасына енетін электр металлургиясы кешенінің құрылысын қаржыландырады

03.07.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 3 шілде күні Ақтөбеде болашақ Электр металлургиясы кешенінің іргетасына капсула cалу салтанаты болып өтті, оған қуаттылығы 500 мың тонна металл өнімдерімен металлургиялық өндіріс және жылына 180 МВт электр энергиясын өндіретін газ турбиналық электростанция кіреді.

Бұл салтанат республиканың 9 аймағында – Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында өткен «серпінді» жобалар тұсаукесерімен тұспа-тұс келді.

Бұл шара телекөпір форматында өтті, оған Астанадан Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және Премьер-министр Кәрім Мәсімов қатысты.

«SBS Steel»ЖШС оператор болған бұл жобаның құны 450 млн. АҚШ долларын құрады. Аталған жобаны жүзеге асырудағы қаржы көзі «ТұранӘлем Банкі» АҚ ұсынған несие болды.

Дамыған металлургия саласын құру Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады, онсыз машина құрылысы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылысты және халық шаруашылығының басқа да салаларын дамыту мүмкін емес.

Республикамызда металлургия саласын дамытуға металдардың кең ауқымын және одан жасалған өнімдер өндірісін қамтуға арналған қажетті шикізат ресурстары бар, сондай-ақ көптеген елдерде шикізат базасының бір бөлігі болып табылатын темір-терсектер бар.

Сонымен қатар қазіргі таңда қазақстандық темір-терсектердің барлығы дерлік шетелге экспортталады. Статистика жөніндегі республикалық агенттіктің мәліметтері бойынша қара металл экспорты 2003 жылғы 1320 мың тоннадан 2005 жылы 2224 мың тоннаға дейін өсті. Сонымен қоса бейресми мәліметтер бойынша қара металдың экспорты нақты көлемі статистикалық мәліметтерге қарағанда үш есеге артық.

Электр металлургиясы зауыты өндірісінде темір-терсектерді шетелге шығаруды азайтатын темір-терсектерді шикізат ретінде кеңінен қолдану жоспарланып отыр.

Болат номенклатурасы мен маркасын, сондай-ақ олардан жасалатын өнімдерді арттыру үшін зауытта үздіксіз металлургия өндірісінің жаңа технологиясын енгізу жоспарланып отыр. Мұндай технологияны қолдану тек болат номенклатурасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар түскен темір-терсектер санына қарамастан қуаттылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Металлургия саласын дамытумен қатар бұл жоба біртіндеп Ақтөбе облысындағы энергия тапшылығы мәселесін де шешетін болады. Өндірілетін электр энергиясының жартысын жаңа кәсіпорын Ақтөбе облысы тұтынушыларының қажеттіліктеріне арнайды деп күтілуде.

Бизнес-жоспарға сәйкес бұл жоба 8 жыл ішінде орнын толтырады. Зауытта 3 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2007 жылғы 1 мамырда 20,4 млрд., ал банктің меншікті капиталы шамамен 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.
ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия, Армения мен Қырғызстан елдеріне тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осының айғағы. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Беларусьте, Қытайда, БАӘ -де жұмыс істейді.
ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар(22 филиал мен 244 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).