Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

2007 жылдың қаңтар – cәуір айларында «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның таза табысы шамамен 40 %-ға өсті

03.07.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ активтері 2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылдың 1 мамырына дейін 25%-ға 16,3 млрд. АҚШ долларынан 20,4 млрд АҚШ долларына дейін өсті, меншікті капиталы 28% -ға сәйкес 1,53 млрд. АҚШ долларынан 1,97 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

Банктің таза табысы 2007 жылдың қаңтар-сәуір айларында 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 39,7% - ға 136,4 млн. АҚШ долларынан 190 млн. АҚШ долларына дейін өсті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін «ТұранӘлем Банкі» АҚ активтері мен меншікті капиталын 26 млн. АҚШ долларына және 3,8 млн. АҚШ долларына сәйкес арттыруды жоспарлап отыр.

2007 жылғы 22 маусым күні Moody’s халықаралық рейтингілік агенттігі Банктің борыштық міндеттемелерінің рейтингісін төмендетті, бұл агенттік енгізген сыртқы қолдаудың жаңа (JDA) әдістемесін енгізуінің нәтижесі.

Шетелдік валютадағы қамтылмаған ірі облигациялар және субординацияланған облигациялар бойынша рейтингісі «Baa1»-ден «Baa3»-ке дейін және «Baa2»-ден «Ba1»-ге сәйкес төмендеді. Субординацияланған кіші облигациялар бойынша рейтингісі «Baa3»-тен «Ba2»-ге дейін төмендеді. Банктің қаржы тұрақтылығы бойынша рейтингісі «D-», бұл Банктің әуелсіз несиеге қабілеттілігін көрсетеді және капиталдандырудың теңбе-тең деңгейін, жоғарғы табысының және нарықтағы мықты ұстанымының өзгермегенін көрсетеді. Шетелдік валютадағы депозитттер бойынша ұзақмерзімді рейтингі де өзгермей «Ba1» деңгейінде сақталды. Барлық рейтингілердің «тұрақты» болжамдары бар.

Moody’s ТұранӘлем Банкінің несие рейтингісі бұл жүйедегі банктің маңыздылығын айқындайтынын растайды.

2007 жылдың қаңтарында банк жалпы сомасы 1 млрд. АҚШ долларындағы еурооблигацияның екі траншын сәтті орналастырды. Синдикатталған несиелер нарығында ТұранӘлем Банкі, 500 млн. АҚШ долларына балама аты өзгертілмеген жапон йенімен үш несиені тартты. Банк сырттан қарыз тартуды бұрын жарияланған 2007 жылға арналған жоспарға сәйкес жүзеге асырады.

Қаржы тарту көздері мен құралдары бөлігінде нарық шарттары мен екінші нарықтағы шеттен қарыз алу бағасы болашақта тартылатын қарыздарға байланысты шешім қабылдаудағы негізгі критерий болатынын есепке алған жағдайда банктің екінші жарты жылға қалған соманы (1,5 миллиард доллар) тартуға байланысты айтарлықтай икемді саясаты бар.

Қазіргі уақытта ТұранӘлем Банкі активтерді секьюритизациялау мәмілелері арқылы қаржыландыру көздерін әртараптандыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл осы жылғы қарыз тартудың жалпы жоспарына қатысты қосымша мәмілелер болмақ.

Инвесторлармен тиімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін, инвесторлармен банктің қаржы көрсеткіштерін, 2007 жылдың екінші жартысына арналған жоспарларды және инвесторларды қызықтыратын басқа да мәселелерді талқылау үшін Банк конференц-қоңырау жариялауды жоспарлап отыр. Бұл шара туралы егжей-тегжейлі жуырда жарияланатын болады.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия мен Армения елдеріне тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осының айғағы. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиал мен 244 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ) бар.