Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның қолдауымен Алматыда Грузия күндері өтуде

05.07.2007 / Баспасөз орталығы

4-6 шілдеде «ТұранӘлем Банкі» АҚ «ӘлемАрт» қорымен бірге Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің қолдауымен Алматыда Грузия Күндерін өткізуде.

Бүгін «Интерфакс-Қазақстан» баспасөз орталығында осы ауқымды мәдени жобаға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған қатысқандар:

Генриг Холодзинский - «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары
Георгий Меладзе – Тбилиси қаласы әкімінің орынбасары
Вахтанг Кикабидзе – Грузияның халық әртісі
Георгий Рамишвили – Грузияның«Silk Road Group» компаниясының Директорлар кеңесі
Шургаия Зураб – Грузияның Қазақстандағы және Қырғыз Республикасындағы елшісі

Грузияның мәдениет қайраткерлерінің Алматыға келуі 2006 жылы қарашада Тбилисиде өткен «Қазақстан-Грузия» Мәдени тоғысулар» фестивалінің жалғасы болды.Оны Грузияның Мәдениет министрі Георгий Табашвили мен ТӘБ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов ашқан болатын. Фестиваль аясында ТӘБ тобы ұйымдастырған және қаржыландырған бірнеше арт-жобалар жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта Грузияның мәдени элитасының өкілдерінің делегациясымен өздерінің мазмұнды бағдарламаларымен оңтүстік астанаға келіп жетті.

4 шілдеде Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының (МАОБТ) сахнасында «Сулико» грузин халық әнінің ансамблі және З.Палиашвили атындағы Мемлекеттік Опера және балет театрының балалар ансамблі өнер көрсетті.

5 шілдеде осы сахнада Грузия халық әртісі, КСРО Мемлекетік сыйлығының лауреаты Вахтанг Кикабидзе мен Сухишвили атындағы Грузин ұлттық балеті өнер көрсетеді. Әйгілі киноактер, сценарист, режиссер, көптеген танымал әндердің авторы мен орындаушысы В.Кикабидзе Л.О.Утесов атындағы сыйлықтың лауреаты, ал Мәскеудегі "Жұлдыздар алаңында" оның жұлдызы бар. Сухишвили атындағы Ұлттық балет 1945 жылы құрылды, алғашында халық ансамблі болды және "Ла Скала" Миланның әйгілі опера театрында қойылған, ал Бровейдегі гастроль кезінде Грузин ұлттық балетінің шығуы жылдың ең үздік шоуы болды. Бишілер әлемнің барлық елдерін өздерінің сахнаны динамикалық қуатпен толтыратын хореографиясымен, айналымдарымен, бас айналдыратын секірістерімен әлем елдерінің көрермендерін таң қалдыруда.

«Алматы» қонақүйінің фойесінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары «Ежелгі Грузияның әшекейлері мен тарихы» сату-көрмесінен матадан, керамика және эмальдан жасалған қолданбалы өнер бұйымдарын тамашалай алады және де грузин шараптарынан дәм тата алады.

Сонымен қатар, фестиваль бағдарламасына Грузиядағы жалғыз және бірегей қойылым қуыршақ «Саусақтар театры» да кіреді. Тек әртістердің көйлек киген саусақтары қатысатын бұл шоуға музыка, пантомима және ритм де бірігеді. Саусақтар грузин фольклорының, классикалық балеттің және кабаре биінің би композициясын көрсетеді. 5 шілдеде Алматыда Мемлекеттік қуыршақ театрының сахнасында көрермендер «Саусақтар театрын» «Эстраваганс» пен «Стена» («Кедели»), және қазақ ертегісін көре алады. «Саусақтар театрының» негізін қалаушы мен басқарушы- Бесо Купреишвили.

«ТұранӘлем» Банкі Қазақстан мен Грузия арасындағы мәдени алмасу аса маңызды және қажет деп біледі, өйткені бұл тек бірін-бірі жақсы білуге ғана емес, сонымен қоса саяси және экономика салаларында да белсенді ынтымақтасуға мүмкіндік береді. Грузияның ірі банктерінің бірі «BTA Silk Road Bank» ТӘБ-тің стратегиялық әріптесі болып табылады.

«ТұранӘлем» Банкі мәдениетті және гуманитарлық дамуды инвестициялауды өзінің жаһандық миссиясының бөлігі деп қарастырады, сондықтан осы мәдени жобаны қолдады.