Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Атырау филиалындағы жаңа кеңсесінің тұсауын кесті

19.07.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 18 шілде күні Атырауда облыс орталығының болашағы зор аудандарының бірінде салынған “ТұранӘлем Банкі” АҚ Атырау филиалының жаңа бизнес-орталығының ашылу салтанаты болып өтті.
Салтанатты шараға “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко, Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәрсенбай Еңсегенов, Атырау қаласының Әкімі Сәнімжан Нәкбаев, ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының директоры Қозыбақ Кұлбарақов қатысты.
Тұсаукесер кезінде “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы және басқа да жоғары лауазымды қонақтар ТұранӘлем банкінің Атырау және Құлсары филиалдарының жұмыстарының қол жеткізген жетістіктерін қанағаттанарлықпен атап өтті және алдағы уақытта да аймақтағы өзінің құрылымдық бөлімшелерін әрі қарай дамытып, банк қызметтерінің спектрін кеңейтіп, банк ісі саласына озық және жаңа жетістіктерді енгізуіне тілектестігін білдірді.

2001 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта ТӘБ облысқа жалпы сомасы 39 834 млн. теңгеден астам 13 000-нан астам несие, оның ішінде 2006 жылы - 16 183 млн. теңге берген. Олардың ішінде аграрлық секторды қолдауға – 58 млн. теңге сома, оның ішінде 2006 жылы - 10 млн. теңге, тұрғындарды несиелендіруге – 13 151 млн. теңге сома, оның ішінде 2006 жылы 4 790 млн. теңге бөлінді.

Аталған мерзім ішінде Банк 4 000 млн. теңгеден астам сома жеке тұлғалардың депозиттерін тартты, оның ішінде 2006 жылы 1 000 млн. теңге, 2003 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта 4 994 млн. теңге сомаға заңды тұлғалардың депозиттері, оның ішінде 2006 жылы 1 442 млн. теңге тартылды.

Қазіргі таңда «ТұранӘлем Банкі» АҚ аймақтағы бөлшек сауда депозитін тарту және ШОБ-ті несиелендіру бойынша көшбасшылар қатарынан орын алады. «ТұранӘлем Банкі» АҚ 2006 жылы тұрғындарға 4 790 млн. теңгеден астам сома, ал ШОБ субъектілеріне 7 564 млн. теңге сома несие берді.
ТӘБ қазіргі таңда аймақтағы бірқатар ірі жобаларға қаржылық қолдау көрсетті. Атап айтқанда, "БатысКөлікСим" ЖШС ағымдағы жылдың соңына дейін ТӘБ қолдауымен лизингке 90 маршруттық автобусты сатып алуды жоспарлап отыр. Азаматтық құрылыс саласындағы "Атырауқұрылыскешені", "Құрылысты басқару - 99"филиалдың ірі клиенттері болып табылады. Бөлшек сауда саласында филиал "АТАБА" мен "Атырау Виват"сияқты компанияларды қаржыландырады.

Сондай-ақ, Атырау филиалы «Теңізшевройл» компаниясымен, «АДЖИП» консорциумымен және консорциумның ірі мердігерлері – «ГАТЕ ИНШААТ» АҚ- мен жалақы жобаларын жүзеге асыру аясында ынтымақтастыққа ерекше назар аударады. Аймақ нарығындағы ТӘБ үлесі өткен жылы барлық дерлік банктік негізгі өнімдер бойынша өсті. Жеке тұлғалар несиесінің үлесі 9,7%-дан 10,4%-ға дейін, заңды тұлғалардың жедел депозиттерінің үлесі 9,1% -дан 10%-ға дейін, жеке тұлғалар депозитттері 16,6% -дан 20,1%-ға дейін өсті.
Бүгінгі таңда ТӘБ-нің Атырау облысының Атырау мен Құлсары қалаларында екі филиалы мен 12 бөлімшесі, сонымен қатар 10 бөлшек сауда және 2 толық құқықты бөлімшелері бар ( Доссор мен Теңіз елді-мекенінде). 12 бөлімшенің 8-і қалалық, олар Атырау мен Құлсарыда, 4-еуі – алыста Доссор, Теңіз, Қарабатан және Жаңа Қаратон елді-мекендерінде орналасқан. Банктің сондай-ақ аймақтың әр нүктесінде орналасқан тармақталған банкоматтар жүйесі бар. 2007 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі бойынша ТӘБ клиенттерінің саны 49 123-ке жетті, олардың 1 207-сі заңды, 46 599-і жеке тұлғалар, сондай-ақ 1317-сі жеке меншік кәсіпкерлер.
ТӘБ облыстың күнделікті өміріне белсене араласады. Банк соғыс және еңбек ардагерлеріне, балалар үйлеріне, интернаттарға, спорттық ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге тұрақты материалдық және демеушілік қолдау көрсетіп келеді.

“ТұранӘлем Банкі”АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. Банктің активтері 2007 жылдың І мамырында 20,4 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде еншілес банктер желісі арқылы өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузияға, Армения мен Қырғызстанға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыған дәлел. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында тармақталған филиалдар желісі (22 филиал мен 208 есеп айырысу-кассалық бөлімдері) бар.

ТұранӘлем банкі қызмет еткен жылдары аясында бірқатар мәртебелі марапаттарға ие болды. 2005 жылы белгілі «EUROMONEY» басылымы ТӘБ-ін «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азиядағы үздік банк», ал ТӘБ-нің мұнай құятын танкерлер импортын Ресейден Қазақстанға ұзақмерзімді қаржыландыру бойынша мәмілесін «2005 жылдың үздік мәмілесі» деп таныды. Сондай-ақ дүниежүзілік «The Banker» қаржы басылымы ТӘБ-ін «Қазақстандағы 2005 жыл банкі» атағына лайықты деп таныды.

2006 жылы «EUROMONEY» комиссиясы ТұранӘлем банкі қолданатын технология мен өнімдердің инновациялығын ескеріп, «Еуропаның дамушы нарықтардағы үздік несиегер» деп атады, ал Ұлттық Тұтынушылар Лигасы «үлкен үштік» банктердің арасында банктік бөлшек сауда сапасын зерттей келе, ТұранӘлем Банкін екінші жыл «Мінсіз» ұлттық сапа белгісімен марапаттады. Ресей қаржы қоғамдастығы мен «Итоги»журналы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ына «ТМД-дағы 2006 жылдың үздік банкі» атағын берді.

2007 жылы «EUROMONEY» халықаралық басылымы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ына «Дамушы Еуропа нарықтарындағы корпоративтік басқару бойынша 2006 жылғы көшбасшы банк», сондай-ақ ТӘБ-ін «2007 Орталық және Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы ең тиімді басқарылатын банк» деп атады. Сонымен қоса Банк «Саф Алтын» қоғамдық ұлттық сыйлығының «2006 жылдың үздік банкі» номинациясы бойынша Гран-при жүлдесіне ие болды.

Сонымен қатар «ТұранӘлем Банкі» АҚ аса беделді The Banker қаржы басылымының болжамы бойынша рейтингте 295 - орынды иемденіп, «Жылдың үздіктері» рейтингісінде әлемнің таңдаулы 1000 үздік банктері қатарына кірді.