Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Үлкен өнерге баспалдақ. Алматыда «ӘЛЕМ ART» тұңғыш республикалық телевизия жобасының жеңімпаздары анықталды

30.07.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 27 шілде күні «Қазақстан» телеарнасында «ӘЛЕМ АRТ» тұңғыш дәстүрлі әндер жобасының ақтық сыны болып өтті. Бұл байқауда 17 жасар ақтаулық күйші Абылай Тілепбергенов пен оның жерлесі 15 жасар Нұрым Асқанов жеңімпаз деп танылды.

ТӘБ Басқарма Төрағасының орынбасары Әбіләкім Жұмахметов «ӘЛЕМ АRТ» тележобасының жеңімпаздарын құттықтап, оларға 500 мың теңгеден есептелген ТұранӘлем Банкінің төлем карточкаларын табыс етті.Сонымен қатар жеңімпаздарға хас шебердің қолынан шыққан домбыра, сахналық ұлттық киім тіктіруге арналған сертификат тапсырылды және жеке альбомдарын жазу құқығы берілді.

«Осынау игі жұмыс аясында «ТұранӘлем» Банкі аталмыш жобаға қолдау көрсетумен шектеліп қалмайды, сонымен қатар үлкен міндеттерді өз жауапкершілігіне алуға әзір. Бүгін мен банктің болашақта да «ӘЛЕМ АRТ» байқауының жеңімпаздарына қаржылай қолдау көрсететінін зор қуанышпен хабарлаймын. Бұл олардың үлкен сахнада танылуына ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени дәнекерлері болуларына көмектеседі», - деп атап өтті Әбіләкім Жұмахметов.

«ӘЛЕМ АRТ» - бұл отандық телевизия тарихындағы қазақ әндерін орындайтын және ұлттық аспаптарда ойнайтын жас өнерпаздардың тұңғыш байқауы. Байқаудың бастамашысы әрі бас демеушісі – «ТұранӘлем Банкі» АҚ, ұйымдастырушысы «Қазақстан» телеарнасы.

Отандық жаңа тележобаның басты мақсаты - қазақ халқының мәдени дәстүрлеріне деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру және дарынды да болашағынан зор үміт күттіретін жастардың өз өнерлерін көрсетулеріне жан-жақты жағдай жасау.

Жобаның басты идеясы әншілік және күйшілік өнердің дүбірлі додасын Қазақстан үшін жаңа да сапалы деңгейде өткізуге негізделген. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: әртістік өнері, қазақтың орындаушылық дәстүрлерін білуі және түсінуі, сондай-ақ композицияның мазмұнын аша білуі деп атап өтті әділқазылар.

Байқауды ұйымдастырушылар бүгінгі таңдағы эстрадалық музыкаға жаппай бетбұрыс бір қалыпқа түсіп, тепе-теңдік қалыптасатынына сенеді. Жастар музыка таңдауда қателеспеулері керек, алайда кейінгі кезде бұл мәселеге дұрыс көңіл бөлінбей келеді. Бұл мәселені шешуде бірінші кезекте кең аудитория үшін жаңа және жас талантты орындаушылардың есімдерін анықтау қажет екені анық.

«ТұранӘлем» Банкі үлкен міндеттерінің бірі ретінде мәдениетті инвестициялау мен гуманитарлық дамуды қарастыратындықтан аталмыш жобаға қолдау көрсетті.

Байқау үш тур бойынша өтті. 1500-ден астам үміткер қатысқан іріктеу кезеңдері мамыр айында Астана, Өскемен, Ақтау, Петропавл, Шымкент және Алматы қалаларында болып өтті. Белгілі тұлғалардан құралған әділқазылар алқасының шешімімен 12 адамнан тұратын топ , 6 әнші мен 6 күйші іріктеліп шықты.


«Іріктеу турына 16 жас пен 26 жас аралығындағы мыңнан астам жастар қатысты. Ақтық байқауға қатысатындарды іріктеуде біз бірінші кезекте қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, әртістік өнеріне, материалды жеткізе білуіне, қимыл-қозғалысына да ерекше мән бердік. Нәтижесінде 5 қыз бен 7 жігіт ақтық байқауға жолдама алды - Ақтау қаласынан - Тілепбергенов Абылай, Асқанов Нұрым, Денебаев Алмас, Өскемен қаласынан - Байзалдина Жанерке, Петропавл қаласынан - Әбдірахманов Әсет, Қарабекова Айзат, Шымкент қаласынан- Ерлан Талап, Хасанов Мақсат, Алматы қаласынан - Қарабалина Эльза, Бибатырова Сәбира, Астана қаласынан - Табыс Венера, Сейдахмет Шахаризат», - деп атап өтті «Қазақстан» телеарнасының продюсері Динара Адам.

Байқауға қатысушылардың өнерлеріне елімізге белгілі режиссер әрі продюсер Болат Атабаев, продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов, әнші Қарақат Әбілдина, әнші, фольклор жанрының нағыз білгірі Сәуле Жанпейісова, жеке концерттерімен 25 елде тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленіп үлгерген белгілі күйші, өнертанушы Абдулхамит Райымбергеновтер өз пікірлерін білдірді.

Екінші тур Алматыда өтті, онда телекөрермендер СМС арқылы дауыс беруге мүмкіндік алды. Дәстүр бойынша жоба ақтық бәсекемен өз мәресіне жетті.

15 маусымнан бастап әр апта сайын «Қазақстан» телеарнасының көрермендері байқау жеңімпаздарының өнерлерін тікелей эфир арқылы тамашалады. Байқаудың межелі турына өткен өнерпаздармен кәсіби визажистер, музыканттар мен режиссерлер бір жарым ай уақыт бойы жұмыс істеді. Жобаны «Көңіл ашар» бағдарламасының белгілі жүргізушісі Майя Веронская мен қазақстандық КТК-ының капитаны Нұрлан Қоянбаев жүргізді.

Анықтама үшін: ТұранӘлем Банкі қазақ халқының мәдени дәстүрлерін қолдауға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асырды.

Ақындар мүшәйрасы
ТұранӘлем банкі қазақ халқының дәстүрлерін қолдауға бағытталған жобаларды алғаш рет жүзеге асырып отырған жоқ. Үстіміздегі жылдың басында Банктің бастамасымен Қазақстандағы тұңғыш ақындар мүшәйрасы басталды, байқаудың негізгі мақсаты халқымыздың ақындық өнерін дамыту, жас дарындардың есімдерін анықтау, қазақ әдебиетін насихаттау және ұлттық мәдениетімізге қолдау көрсету. Байқау аясында «Үкілі үміт», «Жаңа есім», «Ең жас ақын» номинациялары бойынша жүлделер тағайындалып отыр. Әділқазылар құрамында елімізге белгілі ақындар бар. Бәйге қорытындысы 15 қазан - ТұранӘлем банкінің туған күні қарсаңында шығарылады. Жүлде алған шығармалар кітап болып шығады.

Республикалық «Ана тілі Аруы»байқауы
ТӘБ аталған байқауға бес жылдан бері қолдау көрсетіп келеді. 2007 жылғы 22 мамыр күні Республика Сарайында байқаудың ақтық сайысы және гала-концерт болып өтті, елімізге белгілі депутаттар, журналистер, ақындар мен жазушылардан құралған әділқазылар алқасы ең сұлу қыздарды іріктеді. Қыздарды іріктеуде әділқазылар алқасы олардың ана тілін, ата-баба дәстүрі мен салтын, елінің мәдениетін жетік білуіне, сондай-ақ әншілік, бишілік, т.б. өнеріне және әдемілігіне де ерекше мән берді. Ақтық сайыс жеңімпаздарының қатысуымен шілде айында Ыстамбұлда (Түркия), ал тамызда Үрімжіде (ҚХР) гала-концерт өтеді. Наурыз айында Мәскеу қаласында алдағы жылдардағы байқау жеңімпаздарының қатысуымен гала-концерт өтпек.